Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня0
Вчера17
За неделю70
За месяц353
Всего59539

Поиск по сайту


<< < Қазан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Материалдар

Жастар - Bastay

    Жастар жылына арналған форум осылай деп аталды. 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауда үлкен мән бар. Өйткені, Елбасы азат елдің жастарына сенім артып, зор міндет жүктеді. Ал, сенім үдесінен шығуға шарбақтылық жастар тырысып бағуда. Іс-шараға білім саласында жетістікке жеткен белсенді жастар жиналды. Кездесу Шалдай ауылында өтті. Басқосуға Александровка, Арбиген, Галкино, Жылыбұлақ, Красиловка, Орловка, Қарабидай, Шегірен, Северная, Заборовка, Назаровка, Шарбақты ауылдарынан жас мамандар қатысты.

   Мектептің үш бірдей қабатында көрме ұйымдастырылды. Форумның пленарлық отырысында оқу бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Бақыт Жармұханова қатысушыларды құттықтап, жас ұстаздардың ел білімін, руханиятын өркен­де­ту­де қосып отыр­ған үлесін ерекше атап өтті. Форум жастар үшін тәжірибе алмасу алаңына айналып, олар білім саласында инновациялық технологияны игеру, ғылымды дамыту, білімді жетілдіру, жаңартылған білім беру мазмұны тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Мұнда мұғалім оқушыларға тек білім берумен ғана шектелмей, оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, заманауи әдістемелерді пайдалана білу керек деген пікірлер айтылды.

   Форум барысында әдіскер Жанель Исикеева 4,9,11 сынып оқушылары арасында ОЖСБ бойынша байқау сынағын өткізді. Тестілеу мониторингі әдістемесімен бөлісті.

   Жас мұғалімдер физика, информатика, орыс тілі, математика, қазақстан тарихы, қазақ тілі, бастауыш сынып пәндерінен 8 ашық сабаққа қатысты.

   Сонымен қатар, жастар коучингке белсене қатысып, тапсырмаларды орындап, білім берудегі жаңалықтарды талқылады. Дөңгелек үстел барысында өз идеяларын ұсынды, тәжірибе алмасты. - Мұндай кездесулер жастар үшін де, ұйымдастырушылардың өздері үшін де өте пайдалы деп санаймын, - дейді Северный негізгі мектептің мұғалімі Андрей Рыжый. Жалпы Форумға қатысушылар, мұндай кездесудің маңыздылығын атап өтті.

   Шара соңында әр ауылдан келген жастарға сертификаттар табысталды.

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz