Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня0
Вчера17
За неделю70
За месяц353
Всего59539

Поиск по сайту


<< < Қазан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Материалдар

Шарбақты ауданында қысқы спартакиада өтті

    Аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бастамасымен жыл сайын аудандық спартакиада өткізіледі. Бұл жолы спартакиада қысқы спорт түрлеріне арналды. №3 орта мектебінің базасында Х аудандық шаңғы жарыстары бойынша эстафета өтті. Оған Заборовка, Алексеевка, Малиновка, Галкино, Есілбай, Жаңа-ауыл, Александровка, Сосновка, Жылыбұлақ, Красиловка, Шарбақты ауылының білім беру қызметкерлері қатысты. Іс-шараны аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Сыздықова ашты. Ол әріптестерін құттықтап, барлық қатысушыларға адал жеңіс тіледі. Спартакиаданың бас төрешісі ретінде №3 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Марат Әлімбаев сөз сөйледі.

   Ерлер мен әйелдер арасында шаңғы жарысы 5 және 3 киломметр қашықтықта өтті. Екі жарыста өте қызу өтті, дистанциядан өту кезінде көшбасшылар өзгерді, соңғысына дейін интрига сақталды - басты орын кімге бұйырады? Жанкүйерлер ретінде спортшылардың ата-аналары мен достары қатысты. Бірінші болып ерлер тобы бастады, 5 шақырымдық жарыстан кейін мәреге бірінші болып Заборовка негізгі мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Александр Медведев келді. Екінші орынды да заборовка спортшысы Владимир Кайлибер өз әріптесіне тек бір секундтан ғана жол берді, бұл құрметті екінші орынды алуға мүмкіндік берді. Қола жүлдені Алексеевка мектебінің АӘД мұғалімі Юрий Антонов жеңіп алды.

   Әйелдер тобы өкілдерінің арасындағы жарыс қызу болды. Көшбасшылардың соңғы бестігі тек 2 км. анықталды. Жарыстың нәтижесінде Заборовка, Алексеевка және Малиновка спортшылары жеңімпаз атанды. Шағын орталықтың тәрбиешісі Мира Төлеу бірінші орынға ие болды, ағылшын тілі мұғалімі Бақытгүл Укужанова екінші орынға ие болды, дене шынықтыру мұғалімі Лариса Жагловская үшінші орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері облыстық спартакиадаға жолдама алды. Сонымен қатар, жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. - Бұл жарысқа жас және жастары 40-тан асқан кәсіподақ мүшелерін қатысты.

   Шарбақты тұрғындарына салауатты өмір салты қалыпты болып қалыптасқаны қуантады - деді Айгүл Сыздықова.

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz