Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня0
Вчера17
За неделю70
За месяц353
Всего59539

Поиск по сайту


<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Материалдар

Маңызды жиын өтті

    Жақында педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің бірінші отырысы өтті. Іс-шара аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен және жоспары бойынша өткізілді. Жиынға Шалдай, Галкино, Арбиген, Алексеевка, Шегірен, Сосновка, Шарбақты ауылдарының ардагерлер кеңесінің басшылары қатысты.

   Ардагерлер кеңесі әрқашан заман ағымымен қатар еңбек етіп, ауданның саяси-әлеуметтік дамуынан тыс қалған емес. Қай кезде болмасын ардагерлерге қатысты мәселелердің дұрыс шешімін тауып, түсіністікте қызмет етуде. Іс-шараның салтанатты ашылуында аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Сыздықова, аудандық ардагерлер кеңесінің орынбасары Светлана Борисова , сондай-ақ білім қызметкерлерінің еңбек ардагерлері кеңесінің төрайымы Үміт Жармакина құттықтау сөз сөйледі.

   Бірінші отырыста жұмыс жоспары бекітілді, жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді, өзекті мәселелер шеңбері анықталды. Жиналыс барысында қатысушылар алда тұрған жұмысты талқылап, өз ұсыныстарымен бөлісті.

   Жиын барысында қатысушылар жарыссөзге шығып, өз ой пікірлерін білдірді. Жиынды қорытындылаған Айгүл Сыздықова еңбек ардагерлерінің мәселесі ешуақытта назардан тыс қалмайтындығын атап өтті.

   – Тәлім тәрбие мәселесі, ұлттық құндылықты сақтау, дәріптеу, ұлықтау ісінде ауданымыздағы педагогикалық еңбек ардагерлер кеңесі өте үлкен жұмыс жасап жатыр. Біздің ауданымыздағы зейнеткерлеріміз белсенді. Әрдайым білім саласы болсын, мәдениет саласы болсын ауданның даму барысын талқылап отырады, – деді. Барлық қатысушылар педагогтардың қоғамдық өмір сапасын жақсарту мәселелерін шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

 

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz