Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня1
Вчера21
За неделю22
За месяц620
Всего60866

Поиск по сайту


<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Материалдар

«Қамқорлық» акциясы

   2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында барлық білім беру ұйымдарында дәстүрлі республикалық "Қамқорлық"акциясы басталды.

   Акция мақсаты - аз қамтылған, көп балалы және қолайсыз отбасылардың, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өзге де санаттарындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы бар басқа балаларды анықтау және есепке алу, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ алалардың мектепке әлеуметтік себептер бойынша (киімінің, аяқ киімінің, мектептік керек-жарақтарының) келмеуінің алдын алу .

   Акцияның басты міндеттері мектеп жасындағы балалардың оқуын үзуге немесе олардың оқу сабақтарына ұзақ уақыт қатыспауына, дәлелсіз себептермен мектептерден қалуының алдын алуға себеп болған себептерді анықтау, сондай-ақ материалдық жағдайы төмен отбасыларда тұратын балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін шаралар қабылдау, аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға жұртшылықты тарту болып табылады.

   Акция аясында өткізіледі:

- қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында рейдтер;

- мектепке дәлелсіз себептермен қатыспайтын мектеп жасындағы балаларды анықтау үшін мектеп шағын учаскелерін аулаларды аралау;

- әлеуметтік осал санаттағы балаларға материалдық көмек көрсету бойынша іс-шаралар, оның ішінде жалпыға міндетті оқу қорынан;

- аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға жұртшылықты тарту, білім беру органдары мен ұйымдарының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, жеке және қоғамдық құрылымдармен, меценаттармен және демеушілермен жалпыға міндетті оқу проблемаларын шешуде және мұқтаж білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсетуде ынтымақтастығын нығайту.

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz