Материалдар
Шарбақты ауданында Орловка ЖОМ балалары үшін IT – сынып ашылды
- Толығырақ
- Жарияланды 16.01.2019 20:15
2019 жылдың 16 қаңтарында "Нұр Отан" партиясының бастамасы бойынша "Өз болашағыңды бағдарламала" жобасы аясында Орловка мектебінің базасында IT - кабинеттің салтанатты ашылуы өтті.
Кабинеттің ашылуына "Нұр Отан" партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.В. Дычко қатысты., аудан әкімі А. Қ. Әбеуов, облыстық мәслихаттың депутаты, "Победа" ЖШС директоры А. В. Поляков, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Р. А. Негманова, аудандық мәслихаттың хатшысы С. В. Шпехт, аудандық мәслихаттың депутаты С. Ф. Широцкий.
Кабинет үшін заманауи жабдықтар, жиһаз сатып алынды, оның демеушісі "Победа" ЖШС директоры А.В. Поляков болып табылады.Сомасы 3500,0 мың теңгені құрайды.
Осындай кабинетті ашу мақсаты-дарынды балаларды тарту, компьютерлік технологиялар саласында өз идеяларын қалыптастыруға көмек көрсету.
IT-кабинет бағдарламалау дағдыларына үйретуге, веб – сайттар құруға, компьютерлік ойындар мен озық білім беру стандарттары бойынша анимацияға арналған.Оқыту 8 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға арналған.IT – технологияларды тиімді және сапалы игеру үшін сабақтар шағын топтарда өткізіледі.Бағдарлама оқушылар бірінші күннен бастап өз бетінше ойындар мен анимациялар жасай бастайтындай етіп әзірленген..