Материалдар
Сенеді ғажайыпқа
- Толығырақ
- Жарияланды 26.12.2018 20:15
Балалар үйі де сыйлықсыз қалған жоқ. Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Әзілхан Әбеуов отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады. Құрметті қонақты балалар тағатсыздана күтті және аса мұқият дайындалды. Іс-шараға аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ризагүл Негманова және оқу бөлімінің басшысы Баян Омарова қатысты. Аудан басшысы тәрбиеленушілерге жылы лебізін білдірді. Әзілхан Қорегұлұлы балаларға сәттілік, табыс, жаңа жеңістер тіледі. Әр тәрбиеленушіге жаңа жылдық сыйлықты табыс етті. Әр баламен жеке әңгімелесті. Жылы, жарқын және көңілді, мереке болды.