Материалдар
Бұхар жырау музейі Жылыбұлақта
- Толығырақ
- Жарияланды 21.12.2018 08:21
Павлодар қаласындағы Бұхар жырау атамыз атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкерлері Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мұзарт таудай биік тұлға» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Кеш барысында әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ербол Мәтіұлы Қайыров Мұзафар Әлімбаевтың өмірбаны жайлы толық мәлімет бере отырып,туған елге,кіндік қаны тамған жерге арнаған шығармаларына да тоқталды.Мектеп оқушылары Бекболат Әрсен, Мендіғали Алимансур, Қабдолла Назерке, Хабидуллаева Айзара жерлес атамыздың өлеңдерін жатқа оқып, әдеби-музыкалық кеш қатысушылары ретінде музей кітаптарымен марапатталды. Сондай-ақ, Мұзафар атаның қызығушылықпен айналысатын сүйікті істерінің бірі сөзжұмбақ және сканворд құрау және шешу, әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинау және оларды қазақ тіліне аудару екені де айтылды.
Кеште «Ауылым», «Сарыарқа», «Маралдым», «Ана», «Ақсұңқарым» әндері шырқалды. Музей қызметкері Оразбек Бақытханның орындауындағы жақсы мен жаманның жігін ажырататындай өсиет терме кештің сәнін кіргізе түсті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кітапхана-білім ордасы» атты республикалық жобаны іске асыру мақсатында мектеп кітапханасының қорына жерлес ақын жазушылардың шығармалары жинақталған кітаптар тарту етілді. Музейдің қор бөлімінің жетекшісі Әлия Саматова ұсынған «Туған ел!Сенің даңқың маған мерей» атты көрмеде Мұзафар Әлімбаев өмір сүрген уақытында жазған хаттары,фото суреттері,шапаны, домбырасы,қолданған заттары,өлең- шығармалары көненің көзіндей сақталған. Әрине бұл біздің мектепке әкеп көрсеткен мұражайдағы мәліметтердің бір бөлігі ғана. Көрмені тамашалаған оқушылар әлі мұражайда қаншама тарих жатқанын түсінгендей.