Материалдар
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ОРНАЛАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 24.12.2022 16:05
Ағымдағы жылдың 22-26 желтоқсан аралығында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтуде.
Комиссия құрамы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен жасақталды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын іске асыратын Павлодар облысы білім беру басқармасының Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Балдәурен» бөбектер-бақшасы» МКҚК орналастырылады.