Материалдар
Шарбақты ауданында білімді дамыту инновациялық орталығының күні
- Толығырақ
- Жарияланды 16.11.2018 17:15
Ағымдағы жылғы 16 қарашада Шарбақты ауданының гимназиялық сыныптары бар орта мектебінде аудан мұғалімдерінің білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың Павлодар қаласының Инновациялық орталығының әдіскерлерімен және ОЖСБ, PISA-ға дайындық бойынша тәжірибелі мұғалімдерімен кездесуі өтті. Семинар жұмысына барлығы 183 педагог қатысты.
Оқушыларға ОЖСБ, PISA және қортынды аттестацияға сапалы дайындаудың ұтымды әдісін іздену, әріптестермен тәжірибе алмасу, 4, 9 және 11 сыныптарда жұмыс жасайтын мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету семинардың негізгі мақсаты болып табылды.
Білімді дамыту инновациялық орталығының әдіскерлері Т.Н. Жакашева, Ж.А.Слямова, Б.М.Солтанова, Б.Т.Аушахманова, З.С.Кожина,Л.К Ахмедиева, Г.К.Айгазина, Н.Ж.Мусабаева, №34 ОМ орыс тілі мұғалімі И.Н.Сидоровамен № 37 биология мұғалімі Г.Б. Бектемировамен, ГС бар ЖОМ физика мұғалімі В.М. Еременкомен «қиын» тақырыптармен жұмыс бойынша, ілеспе қайталауды ұйымдастыру бойынша, оқу материалының мазмұнының сабақтастығы бойынша нақты ұсынымдар берді.
Қортынды аттестацияның жаңа үлгісі бойынша тәжірибелік және теориялық материалдар семинар барысында қарастырылды: функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұмыс орындарын типологиясы, логикалық тестермен жұмыс жасау мысалдары, мәтінмен жұмыс, эссе жазу, салыстырып қарау, жалпылау, талдау, салыстыру біліктілігін тексеру үшін тапсырма, қысқа немесе кеңейтілген түрде жауап беру немесе негіздеу. Семинар соңында қатысушылар ОЖСБ дайындық бойынша әдістеме-дидактикалық көмек алды.