Материалдар
«Қауіпсіз ойыншықтар» акциясы
- Толығырақ
- Жарияланды 09.11.2018 18:15
09.11.2018 жылғы Павлодар облысының білім беру басқармасы және Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің № 1-13/445, №19-28-3-03-737бұйрықтарының негізінде Шарбақты ауданының оқу бөлімі «Қауіпсіз ойыншықтар» акциясының іс-шаралар жоспарын белгіленген уақытта орындау мақсатында жұмысын ұйымдастырып, мектепке дейінгі мекемелерге тапсырмалар берді.
Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелер бойынша халықты және ата-аналар қауымын ақпараттандыру мақсатында ауданның барлық мектепке дейінгі мекемелерінде санитарлық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар арасында сауалнамалар, викториналар өткізіліп, Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті дайындаған «Қауіпті ойыншықтар» жаднамалары таратылды.