Материалдар
Қауіпсіз жол
- Толығырақ
- Жарияланды 09.11.2018 17:15
«Жақында «Қауіпсіз жол» атты жолда жүру ережесін сақтау жөнінде шара өтті. Шараға аудан орталығында орналасқан мектептердің 4-5 сынып оқушылары қатысты. Тәртіпке және заңға бағынатын жолаушыларды тәрбиелеу - басты мақсаттардың бірі болды. «Қауіпсіз жолды» өткізуге аудандық оқу бөлімі мен тарихи-өлкетану музейі мұрындық болды. Балаларға ерте жастан бастап көшелер мен жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды үйрету өте маңызды. Себебі жолда жүру қауіпсіздігін тек есте сақтап қоймай, оны орындауға қол жеткізу маңызды. Музей экскурсоводы Гульнар Хабдуллина балаларға жолда, жаяу жүргінші жолында жол ережелерін сақтауды түсіндірді. Іс-шара барысында қимыл-қозғалыс ойындары, сондай-ақ есте сақтау, зейінділік қабілеттерін жетілдіруге арналған жол жүру ережесіне байланысты бірнеше викториналық сұрақтьар қойылды. Сондай-ақ оқушыларға экскурсия жүргізіліп, сыйлықтар берілді.