Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня3
Вчера17
За неделю73
За месяц356
Всего59542

Поиск по сайту


<< < Сәуір 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Материалдар

Мектеп кітапханашылары мен педагогтарына арналған облыстық семинар

«Оқуға құштар мектеп» жобасын белсендіру және дамыту мақсатында 2023 жылдың 12 мамырында Шарбақты ауданындағы Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ базасында облыстық Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының «Жасөспірімдерді кітап оқуға үйретудің заманауи технологиялары» тақырыбындағы және аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарларына сәйкес мектеп кітапханашылары мен мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
Жобаның мақсаты мен міндеттері- балалардың шығармашылық дамуы үшін белсенді орта құру және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана жұмысының барлық нысандары мен әдістері арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ету.
Семинарға облыстың аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мектеп кітапханашылары қатысты. Семинар жұмысына қатысу үшін облыстық білім беруді дамыту инновациялық орталығының әдіскері Дюсеханова Қазиза Құдайбергенқызы арнайы шақырылды. Шарбақты ауданының кітапханашылары мен мектеп директорлары қатысушыларға өздерінің жобаларын, әдістемелік және тәжірибелік іс-шараларын ортаға салды. Семинар шығармашылық тәжірибе алмасу жағдайында нәтижелі өтті.
Шара соңында Білім беруді дамытудың облыстық инновациялық орталығының әдіскері Дюсеханова Қазиза Құдайбергенқызы қортынды жасап, «Оқуға құштар мектеп» жобасының жұмысына ұсынымдар берді. Семинардың барлық баяндамашылары облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығының сертификаттары және алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz