Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня2
Вчера21
За неделю23
За месяц621
Всего60867

Поиск по сайту


<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Материалдар

Аудан ұстаздары Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жақсы қабылдады. Білімнің биік белесін бағындырып жүрген сала қызметкерлерінің «Педагог мәртебесі туралы» заңға көзқарастары да оң.

   Президенттің жыл сайынғы халыққа Жолдауы – республиканың əрбір тұрғыны үшін маңызды оқиға. Əркім Жолдаудан өзі үшін маңызды бағытты табады. Биылғы Жолдауы мемлекеттің əлеуметтік экономикалық дамуының өзекті мəселелері мен қазақстандықтардың əл-ауқатын əрі қарай арттыру бойынша міндеттерге арналған. Ұстаздар қауымы білімге бағытталған бөліммен толықтай танысты. Жолдаудың ұстаздар қауымына арналған ең маңызды тұсы деп «Ұстаз мәртебесі туралы» заң қабылдау тапсырмасын айтар едік. Сондықтан Шегірен, Шалдай, Хмельницкий, Абай мектебінің ұстаздар қауымы бұл заңды талқылауға әріптестерін белсенді қатысуға шақырады. Жалпы ұстаздар қауымы бұл заңнан көп үміт күтеді. Бұл құқықтық құжатты республикалық кәсіподақ мүшелері арасында талқылау басталып кеткенін айта кету керек.

   Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы бүгінгі таңда мұғалімдердің заңды өкілі ретінде, бірінші кезекте жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы келісім шарттың орындалуын басты назарда ұстап отырған бірден бір қоғамдық ұйым. Мемлекет тарапынан мұғалімдерге көрсетіліп жатқан түрлі деңгейдегі жеңілдіктер мен көмектерге тиісті адамдардың қол жеткізуін қадағалаушы да біздерміз. Алдымыздағы жыл «Жастар жылы» болып жарияланғанын жас ұстаздар да ерекше ықылыспен қабыл алды.

   Жалпы ауданымызда 65 жас мұғалім жұмыс істейді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында соңғы 3 жылда 48 мұғалім тұрғын үйге ие болуы үшін несиеге, ал жас маман біржолғы көтерме ақыға 60 ие болғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, жаз мезгілдерінде кезекті еңбек демалысына шыққан сала қызметкерлерінің шипажайларда ем алуына, олардың балаларының тынығу лагерлеріндегі демалыстарын ұйымдастырып, жағдай жасап келеміз.

   Ұстаз абыройын арттыру халықтың жұмыла атқарар жұмысы дер едім. Әрбір отбасындағы ата- ана дүниеге әкелген сәбиіне ұстаз туралы ұлықты ойлар айтса, сол арқылы баланы тәрбиелесе нұр үстіне нұр болар еді.

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz