Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня5
Вчера13
За неделю172
За месяц569
Всего60815

Поиск по сайту


<< < Шілде 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Материалдар

Шарбақты ауданының білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын орындау үшін ауданның білім беру мекемелерінде Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттарды ата-аналар қоғамының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсынады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 2 қосымшаның 9 тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестердің құрамына кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш (еркін нысанда);

      2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

      5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

      Кандидаттар сондай-ақ кәсіптік (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтерді ұсынады.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 2-қосымшаның 10-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына кіреді: осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) - 11 адамнан аспайды; педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) - 1 адам; жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері - 1-3 адам; үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері - 1-2 адам; қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) - 1-2 адам; бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) - 1 адам; оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері - 1-2 адам.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін тиісті білім беру ұйымына жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 2023 жылғы 15 қыркүйектен 5 қазанға дейін.

     

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz