Материалдар
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
- Толығырақ
- Жарияланды 16.11.2023 09:37
Қазақстанда Қазақстанның БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау шеңберінде 8-20 қараша аралығында "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық науқаны өтеді.
Мақсаты:
1. Балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару;
2. Қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру;
3. Балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру.
Акция аясында Шарбақты ауданының білім беру ұйымдарында онлайн-семинарлар, сынып сағаттары, рейдтік іс-шаралар және т. б. өткізіледі.