Материалдар
"Рухани Жаңғыру - жаһандық маңыздылық жобасы"
- Толығырақ
- Жарияланды 13.11.2019 08:21
Павлодар облысы "Өрлеу" БАИ филиалы " Рухани Жаңғыру - жаһандық маңыздылық жобасы " атты қоғамдық-гуманитарлық цикл мұғалімдері арасында облыстық сайыс ұйымдастырды. Мұғалімдер байқаудың келесі бағыттары бойынша өз жобаларын ұсына алды:
- Қазақстанның киелі орындарын брендтеу және оларды жылжыту
- Латын әліпбиіне көшу
- Ауылда өмір сүруді жақсарту
- Бизнес-жобалар мен стартаптар
- Өлкетану және т. б.
Барлық облыстан 36-ға жуық жоба ұсынылды. Жаңа-ауыл ЖОМ директоры, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Серғазина Сарубал Айтимқызы қатысып, байқауға "Шарбақты ауданы бойынша электрондық жол көрсеткіш""Менің ауданым-менің мақтанышым " жобасын ұсынды. Электрондық жол көрсеткіште ауданның көрікті жерлері туралы ақпаратты электронды нұсқада ұсынды. Бұл Маралды көлі және Хазырет ата кесенесі. Жұмыс 3 дәрежелі дипломға ие болды. Құттықтаймыз!