Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня1
Вчера21
За неделю22
За месяц620
Всего60866

Поиск по сайту


<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 23 24
25 26 27 28 29 30  

Материалдар

Жеңіс біздікі!

   Оқушылардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік шығармашылығын дамыту мақсатында 2019 жылғы 22 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

   Конкурсқа ауданымыздан Есілбай мектебінен 8 сынып оқушысы Есенгелді Айнаш қатысып, биология секциясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі – биология пәнінің мұғалімі Амренова Айгүл Қайсақызы. Айнаштың зерттеуге алған тақырыбы: «Қарбыздың суармайтын жағдайда өсіретін аудандастырылған түрлерін салыстыру және өңдеу технологиясы» «Шарбақты ауданында суарылмайтын өсіру жағдайларында экономикалық құнды белгілер кешені үшін бөлінген саннан әр түрлі пісетін қарбыз сорттарын бағалау және қарбыз жемістерін сақтау, өңдеу әдістерін сипаттау» мақсатында Айнаш жетекшісімен бірге «Сыздыков» шаруа қожалығына барып, өздеріне бөлінген аумақта зерттеу жұмыстарын жүргізген.

   Есілбай ауылында екі шаруа қожалығы «Сыздыковтар», «Жагипаровтар» қарбыз өсірумен шұғылдана бастады. Олар қазір алған өнімді сатумен ғана шектеледі. Ал бірігіп өнімді өңдейтін цехтар ашса шаруашылығы өнімнің көп пайдасын көрер еді. Ауылда жұмыссыз отырған жастарға жұмыс орындары көбейер еді. Мен өзімнің ғылыми жобамда оның жолдарын көрсеттім (бал жасау, сироп, кәмпит, қарбыз кептіру т.б.) ., -дейді Айнаш.

   ІІ дәрежелі дипломмен «экономика» секциясы бойынша гимназиялық сыныптары бар жалпы білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Нурадиль Даниял, ІІІ дәрежелі дипломмен «этномәдениеттану» секциясы бойынша Жанауыл мектебінің 11 сынып оқушысы Жанболат Назерке марапатталды.

   Біздің оқушылар қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, әлі талай жетістіктерге жетеді деп сенеміз!

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz