Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня4
Вчера43
За неделю158
За месяц555
Всего60801

Поиск по сайту


<< < Қараша 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Материалдар

2019-2020 оқу жылында 9 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясын өткізудің жаңа форматы

    Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін білім алушылардың меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» № 125 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 509 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) сәйкес 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау келесі нысандарда өткізіледі:

   1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе);

   2) математикадан жазбаша емтихан (алгебра);

   3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;

   4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика).

   9-сынып оқушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балл қою схемалары) облыстардың білім басқармалары дайындайды. Қорытынды аттестаттаудың мазмұны мен күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі. 9 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясын өткізу мерзімі шамамен 2020 жылғы 29 мамырдан 9 маусымға дейін мектеп бітіруші оқитын мектеп базасында өтеді.

   Білім беру ұйымдарының басшылары емтихан жұмыстары материалдарының сақталуы мен құпиялылығына жауап береді, сондай-ақ оқушылар үшін қорытынды аттестаттауды тең жағдайда ұйымдастырады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар растайтын құжаттары болған жағдайда ерекше жағдайлармен қамтамасыз етіледі не босатылады.

   9 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясын өткізу тәртібі туралы толық ақпаратпен (бұйрықтар, нұсқаулықтар, іс-шаралар жоспары, пәндердің спецификациясы және т.б.) оқу бөлімі мен мектеп сайттарынан танысуға болады.

   Ағымдағы жылдың 7 ақпанында 9 сыныптарда қорытынды аттестаттауды өткізудің жаңа форматы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы мақсатында мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен семинар және 10 ақпанда мектеп директорларымен кеңес өткізіліп, тапсырмалар берілді.

   Осылайша, бірқатар жылдар бойы ауданда қалыптасқан мектеп бітірушілерді қорытынды аттестациялауды өткізуге дайындау жүйесі тиісті ұйымдастырушылық және сапалы деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz