Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня10
Вчера19
За неделю10
За месяц608
Всего60854

Поиск по сайту


<< < Желтоқсан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Материалдар

Орта білім беру ұйымдарында 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы

  1. Емтихан әкімшісі – мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын және осы Нұсқаулықта бекітілген тәртіппен білім алушылардың қорытынды аттестаттау емтихандарын ұйымдастыру мен өткізуге жауапты тұлға;
  2. аттестаттау комиссиясы – білім алушылардың емтихан жұмыстарын тексеру және бағалау үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектептің пән мұғалімдері мен директордың орынбасары кіреді;
  3. апелляциялық комиссия – емтихан нәтижелерімен келіспеген білім алушылардың өтініштерін қарастыру үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектептің пән мұғалімдері кіреді;
  4. апелляция – алынған балл/бағаға келіспеу туралы дәлелдемелері көрсетілген білім алушының жазбаша өтініші негізінде оның нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
  5. білім алушыларды қорытынды аттестаттау – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындағы №1080 қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында алдын ала қарастырылған оқу пәндерінің көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
  6. емтихан ережесін бұзу – қорытынды аттестаттауға қатысушылардың (білім алушылар, мектеп қызметкерлері мен басқа да қатыстырылатын тұлғалар) осы Нұсқаулықта бекітілген нормаларға қарама-қайшы әрекеттері;
  7. емтихан комиссиясы – білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектеп қызметкерлері кіреді;
  8. Білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген пәндер тізбесі мен өткізу формасына сәйкес жүзеге асырылады.
  9. Білім алушылардың қорытынды аттестаттау нәтижелеріне мектеп қызметкерлері мүдделі жағдайда осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша мүдделілігі туралы декларацияны толтыру қажет. Мүдделілік туралы декларацияны толтырған тұлғалар емтихан, аттестаттау және апелляциялық комиссия құрамына қатыса алмайды. Мектеп қызметкерлері мүдделілігі туралы декларацияны емтиханның басталуына 1 ай уақыт қалғанда мектепке тапсыруы керек.
  10. Емтихан комиссиясының төрағасы Емтихан материалдарын қабылдап алған соң оны арнайы бөлінген кабинетке / қауіпсіз сақтау орнына қояды.

Емтихан нәтижелері емтихан материалдарын тексеруді аяқтаған соң келесі күні жарияланады.

  1. Қорытынды аттестаттауды өткізген соң қорытынды аттестаттау құжаттары (акт, декларация, ведомость және басқалары) мектепте сақталуы керек. Даулы мәселелер туындаған жағдайда Білім басқармасы мектептен құжаттарды талап ете алады. Сақтау мерзімі – 1 жыл. Сақтау мерзімі аяқталған соң аталған құжаттар жойылады.
  2. Білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізуге арналған аудиториялар келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
  1. әр білім алушыға арналған парта/орынның болуы, парта/орынның ортасынан келесі парта/орынның ортасына дейінгі ара қашықтық 1,25 метрден кем болмауы керек;
  1. тиісті жарық, желдеткіш, дыбысоқшаулағыш және температуралық режимнің болуы;
  2. әрбір білім алушының көру аймағында қабырға/электрондық сағаттың болуы;
  3. тақтаның болуы;
  4. қосымша кеңсе құрал-жабдықтарының болуы;

емтихан пәндері бойынша анықтамалық-танымдық ақпараттары бар стенд, плакат, әдебиеттердің жоқ болуы.Бар болған жағдайда оларды уақытша алып тастау немесе жауып қою керек.

 

  WhatsApp_Image_2020-02-21_at_16.35.27.jpeg                         

                                                                                                                                    WhatsApp_Image_2020-02-21_at_16.35.31.jpeg

 

 

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz