Менің сүйікті кітабым
- Толығырақ
- Жарияланды 21.09.2022 15:30
4 «А» сыныбында «Менің сүйікті кітабым» сынып сағаты өткізілді
Мақсаты: оқуға деген қызығушылықты арттыру, ой-өрісін кеңейту
Міндеттері: балаларды кітаптарды жақсы көруге үйрету, ауызша сөйлеуді дамыту, пайымдауды үйрету.
Іс-шара әңгіме, оқылған шығарманың тұсаукесері түрінде өтті. Сынып сағатының басында балалармен талқылау өтті: қандай кітаптар бар, қайсысы пайдалы: кітап оқу немесе шығармадан фильм көру.
Балалар оқылған шығарманы ұсыну барысында сөз сөйледі.
Соңында суреттер көрмесін ұйымдастырып, кітаптармен алмасты.