«Педагогикалық шеберхана»
- Толығырақ
- Жарияланды 26.04.2021 09:26
Өткен апта бойы біздің мектебімізде «Педагогикалық шеберхана» жұмыс жасады, оның мақсаты болып, жас мамандардың бастауларына көмек ретінде тәжірибе алмасу болды. «Педагогикалық шеберхананың»негізгі талаптары:
- оқу-тәрбие жүйесіндегі педагогикалық әдістердің жаңа мазмұнын игеру;
- педагогтардың кәсіби, мәдени, шығармашылық дамуын қамтамасыз ету;
- педагогикалық тәжірибені жаңарту;
- педагогика мен психология саласындағы жетістіктерді игеру.
Адам шышымен де, басқаларды өзгертуге көмектеспесе,өз тәжірибесін жетілдіре алмайды.
Ч. Диккенс
Заманауи педагог балалардың жаңаны игеруде, қызыушылығын арттыруда зор еңбек жасайды. Әр педагогтың балаларды қызықтырудағы қолданатын өз әдісі болады. Тәжірибе алмасу үшін педагогтың жұмыс барысындағы өз жеке тәжірибесі болған тиімді. Осындайда дайындық қажет:қызықты ақпарат жинау, сандық және әдістемелік ресурстар құру. Нәтижесінде біздерде авторлық даму конспектілері, жинақтар және т.б. Бұның барлығымен не істеу керек? Бұл сұрақтың жауабын «Начало начал» web-сайтын ашқан, бастауыш сынып мұғалімі Марина Викторовна Шевченко берді. Марина Викторовна үшін бұл сайт – тәжірибе жинағы, өзін –өзі рефлексиялау. Сайтқа кіргенде, өз жетістіктерінен тұратын, әдістемелік жұмыстарымен танысуға болады, you tube канал авторының көптеген фото суретерін көресіз. «Педагогикалық шеберхана» барысында Марина Викторовна өз жұмысын көрсетумен қатар, оның ашылу нұсқаулықтарын да берген болатын.
Оқыту – екі есе оқу болып табылады
Жозеф Жубер.
Бұл біздің педагогикалық тәжірибеміз туралы. Педагогтар арсында тәжірибе алмасу әрқайсымыздың тиімділігімізді білдіреді. Ұйымдастыру өнімді болса, арықарай, сәттілікке толы болады. Бұл ақиқатты кезкелген мектепте кездестіруге болады,сонымен қатар, біздің де мектепте. Тәжірибе алмасу уақытты да үнемдейді,және жаңа идеялар молынан шыға келеді. Нәтижесінде білім сапасы шығады. Бұл жерде өз оқушыларымен бірге, педагогтарға өз көмегін көрсетуге орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Наталья Геннадьевна Безуглова келді. Балалар өздері «Облако слов», «WordArt», және Наталья Геннадьевна әдістемелерімен таныстырды.
«Ақыл-ойды үйретуден,ал шеберден-шеберлікті ал»
Халық даналығы
Өз шеберлігін көрсетуде педагогтар түрлі жолдарды қолданған:
1. тәлімгерлік;
2. өз тәжірибесімен интернет ресурстарында, педагогикалық сайттардағы басылымдар, мүмкіндік болған кезде, өз тәжірибесімен тікелей эфир арқылы, түрлі аумақтарда бөлісу;
3. шеберлік сайыстарына қатысу;
4. түрлі деңгейдегі әдістемелік бірлестіктерге, мастер-класстарға қатысу және т.б.
Сергей Геннадьевич Федоренко,тарих және жаратылыстану мұғалімі, Zoomконференциясында педагогикалық шеберхананы ұйымдастырған, онлайн сабақтар өткізудің платформасын ұсынған педагог.
«Ұрлап алады деп қорықпаңыз, ешкісге керек қажеті болмаудан қорқыңыз»
Халық даналығы
Анжелика Яковлевна Купавченко, бастауыш сынып мұғалімі, белсенді негізде,бағдарламадан бұрын құрылған зерттелген, өткен, және болашақта өтетін материал негізінде өткізілетін сабақ туралы айтты. С. Н. Лысенкова бойынша, бағытталып, бағдарламадан бұрын енетін оңай емес, оқу материалы, оны дұрыс қабылдауға,есте сақтай білуге,бағытталған. Мұғалім, әр тақырыпты өткен кезде, бағдарламадан бұрын, уақыттың тарлығын сезінбейді. Бұл жоғары деңгейде ұйымдастырылған, бала уақытын үнемдеп отыратын оқыту процесінің өте тиімді жолы.
Заманауи жүйе педагогтың әрдайым ізденісте болып, оқытудың жаңаруын талап етеді.Оқытумен ұйымдастырудң жаңа технологияларын,негіздерін құру,оны күнделікті оқыту жүйесіне енгізі жауапкершілігі ұстаздардың қолында.Ұстаздың тәжірибелі құзыреттілігінің нышаны ретінде оның өз білімін жетілдіруде жасаған жұмыстарына байланысты.
Үнемі ізденісте болу- әр педагогтың еңбегінің нышаны. «Мұғалім оқу кезінде өмір сүреді,мұғалім өмір сүргенде оқиды».