Материалы
"Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны
- Опубликовано 01.09.2022 23:25
Бүгін мектебімізде 1— қыркүйек Білім күніне арналған "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны өтті. Мерекелік шараға аудандық маслихаттың басшысы Н.С. Кизатов, Шарбақты аудандық оқу бөлімінің бас маманы А.К. Кабдрашитов қатысты.
Салтанатты жиын мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Мектеп директоры Н.Ө. Жакупова құттықтау сөз жолдап, алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, барша оқушыларды, ата-аналарды және қатысушы қонақтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.