Материалы
«Салуатты өмір салтын сақтайық» орталығы біздің мектепте.
- Опубликовано 15.11.2019 12:02
2019 жылдың 11 қазан күні Абай атындағы қазақ орта мектебінде Павлодар қ. «Салуатты өмір салтын сақтайық» орталығының қызметкерлері қатысуымен салауатты өмірсалтын насихаттауға бағытталған «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты іс-шаралар ұйымдастырылды: 8 сынып оқұшыларына «Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі» тақырыбында дәріс өткізілді, 10 сынып оқушылары адам ағзасына пайдалы тағамдар мен зиянды тағамдар, дәрумендер туралы айтып, көріністер көрсетіп өз пікірлерімен бөлісті, 1 сынып оқушыларына арналған викторина, ал 8-11 сынып қыз балаларға гигиена туралы дәріс өткізілді.
Кездесу соңында аудандық орталығы мектептерінің 6-7 сынып оқушылары қатысуымен семіздіктің алдын алуға бағытталған «үзілісте биле" атты үздік флешмоб конкурсы ұйымдастырылды. Біздің мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысып, жүлделі II орынға ие болды. Құттықтаймыз.