Материалы
Балалардың отпен еркелігі өрттің жиі себебі
- Опубликовано 31.10.2020 20:37
Баланың отпен тентектігі
Өрт сөндіру қызметінің терминологиясында көптеген өрт себептерінің арасында «балалардың өртпен тентектігі» деген термин де бар.Сол себептен өрттер едәуір жиі болып тұрады және барлық жауапкершілік ата-аналарына жүктеледі. Шарбақты ауданының ТЖБ қызметкерлері балалар арасында профилактикалық жұмыстар өткізіп,өрт қауіпсіздігі ережелерін оқытады,бірақ әр баланың қамын ең алдымен ата-анасы ойлауы керек және оларды өзінің және жақындарының өмірі үшін жауапкершілікке уйретуі керек.
Өрттердің 10%-ы балалардың теңтектігінен пайда болады және бұл өрттерде балалардың қайтыс болуы жиі кездеседі.
Бұл туралы айту өте қиын,себебі осы қысқа хабарламалардың артында сол өртте өз жақындарынан айырылған адамдардың қайғысы бар.
Алда жазғы демалыстар келе жатыр. Балалардың жеке уақыттары көбейеді, сол уақыт оларға тек шаттық пен қуаныш әкелуі үшін өсіп келе жатқан жеткіншектерге өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін үйрету керек.Оларды жалғыз қалдырмау және қауіпті заттарға жоламауын қадағалау керек.
Балалар психологиясының өзгешелігі-бұл әрдайым бір нәрсені танып білуге талпыныс және әр затта өзіне деген қызық немесе еліктіргіш нәрсе іздейді.Бұны әрдайым есте сақтау керек.
Шарбақты ауданының ТЖБ