Материалы
Сынып сағаты
- Опубликовано 27.04.2021 09:33
Біздің заман-ұлы жетістіктер мен техникалардың жетістіктері. Кітап бүгінгі күні, басқа коммуникациялық қралдардың жанында өз құдыретін жоғалтуда. Адамдардың көбі кітап оқуды қойып, ақпаратты өзге жерлерден алатын болды. Сондықтан, біздің мектебімізде #читающаяшкола жобасы аясында сынып сағаттары өткізілуде. Мектептегі бүлдіршіндерден бастап, сынып жетекшілерінің жетекшілігімен оқушылар түрлі кітаптармен, авторлармен танысып, құнды ақпараттар алуда. Әр сынып жетекшісі алдына мақсаттар қояды, мысалы:
1.Ерте жастан баланы кітап оқуға қызықтыру.
2. Кітапқа деген оң пікірін қалыптастырып, онымен қалай жұмыс жасау керектігі туралы ақпарат беру, қызығушылықтарын арттыру.
3. Көпшілік алдында өз өнерін көрсету, мәнерлеп сөйлеу.
4. Өлең оқу,проза арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, кітапты сақтауға шақыру. Әр сынып сағаты әдеттегідей емес,ерекше өтеді: балаларға түрлі мультфильмдердің, және ертегі кейіпкерлері қонаққа келеді, олар ребустар, кроссвордтар, презентациялар жасайды. Балалар ойнайды, жұппен, топтарда жұмыс жасайды,оқыған кітаптарды талдауда белсенділік танытады.
Балалар – біздің болашағымыз, және осындай іс-шаралар кітап оқуға деген мотивацияны жоғарлатады.