Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня18
Вчера19
За неделю18
За месяц616
Всего60862

Поиск по сайту


<< < Май 2020 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Материалы

Педагог- психолог лауазымының бос орнына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 218027 теңгеден 294213 теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері:

оқушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді;

      білім беру ортасы жағдайында педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін қалыптастырады және білім беру процесіне қатысушылар арасында толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етеді;

      инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;

      білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дамыту бағдарламаларын әзірлейді;

      әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

      дарынды білім алушыларға психологиялық қолдауды жүзеге асырады;

      білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтерге, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек және психологиялық қолдау көрсетеді;

      педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді;

      белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

      педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;

      Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;

      кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық принциптерін басшылыққа алады;

      білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды;

      жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін саралайды;

      білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;

      жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;

      білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды

.

         Біліктілікке қойылатын талаптар:

                жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Педагогика және психология", "Әлеуметтік ғылымдар" ("Психология" білім беру бағдарламаларының тобы) кадрларын даярлау бағыттары бойынша, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебе р үшін кемінде 5 жыл.

         Өтінім беру мерзімі: 2023 жылғы тамыздың 17-нан бастап 25-не дейін қоса алғанда.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

         1) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

         2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

         3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

         4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

         5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

        6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

         7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

         8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

         9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

         10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

         11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

         Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

        Қағиданың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

  Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
10-қосымша
  Нысан
  ____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

_____________________________________________________________________

кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

_____________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш

Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

_____________________________________________________________________

білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

_____________________________________________________________________

лауазымы, ұйымныңатауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқуорныныңатауы Оқукезеңі Диплом бойыншамамандығы
     

Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):_________________________________________________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: _________________________________________ Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_______________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
Қағидаларына
11-қосымша

  Нысан

Бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы ___________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Өлшемшарттар Растайтын құжат

Балл сандары

(1-ден 20-ға дейін)

1. Білім деңгейі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Техникалық және кәсіби = 1 балл

Жоғары күндізгі = 2 балл

Жоғары күндізгі үздік= 3 балл

Магистр = 5 балл

Жоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл

2. Ғылыми/академиялық дәрежесі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл

Ғылыми доктор = 10 балл

Ғылыми кандидат = 10 балл

3. Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау Сертификат "Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл
4. Біліктілік санаты Жеке куәлік, басқа құжат

Екінші санат = 1 балл

Бірінші санат = 2 балл

Жоғары санат = 3 балл

Педагог-модератор = 3 балл

Педагог-сарапшы = 5 балл

Педагог-зерттеуші = 7 балл

Педагог-шебер = 10 балл

5. Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат

Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл

Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл

директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл

6. Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін Білімі туралы дипломның қосымшасы

Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл

7. Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)

Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл

Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл

8. Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;

- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;

- мемлекеттік награда

1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл

ғылыми жобалардың = 1 балл

2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл

"Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл

"Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл

9. Әдістемелік қызметі -авторлық шығармалары, басылымдары

ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл

РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл

БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл

10. Қоғамдық-педагогикалық қызметі Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат

тәлімгер = 0,5 балл

ӘБ басшылығы = 2 балл

Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл

шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,

үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл

11. Курсқа дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;

- цифрлық сауаттылық,

КАЗТЕСТ,

IELTS;

TOEFL;

DELF сертификаттары;

Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" программалары бойынша оқыту, "Microsoft"

Курсера жұмыстарына оқыту

Халықаралық курстар:

TEFL Cambridge

"CELTA

(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"

CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)

DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)

CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)

"TKT

Teaching Knowledge Test"

Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)

Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)

"TESOL"

Certificate in teaching English for young learners

International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)

IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers

Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development

Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching

Online Teaching for Educators: Development and Delivery

Educational Management

Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers

Курсынаплатформе Coursera, Futute learn

Teaching Mathematics with Technology

Special Educational Needs

"Developing expertise in teaching chemistry "

ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары

= 0,5 балл

ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығынасәйкестізбегеенгізілгенбіліктіліктіарттыруұйымдарыіскеасыратынбілімберусаласындағыуәкілеттіорганменкелісілгенбағдарламаларбойыншабіліктіліктіарттырукурстары (Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттіктіркеутізілімінде № 30068 болыптіркелген)

= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)

12. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты 3 балл қосылады
Барлығы:  

 

Call cent

 

Call cent
Call centr

 

 

gossymbols
Государственные символы

 

 

poslanie
Послание Президента

 

 

balalar zhyly
Год детей -2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111ru