Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня3
Вчера17
За неделю73
За месяц356
Всего59542

Поиск по сайту


<< < Декабрь 2019 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Материалы

IQanat ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

    Жақында ауданымыздың 9 сынып оқушылары IQanat ауыл оқушылары үшін республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысты. Балалар бірнеше пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, ағылшын тілі және әдеби эссе жазу бойынша жарысты.

   Ұлттық биден басталған салтанатты ашылу рәсімі өтті. "Радуга" мектептен тыс жұмыс орталығының талантты балалары Зағипа Жүсіпованың басшылығымен музыкалық нөмірді дайындады. Іс-шараны "Радуга" бас маманы Қабдрашит Қайырханов жүргізді. Олимпиада гимназия сыныптары бар орта мектеп базасында өтті. "IQanat" олимпиадасының облыстық үйлестірушісі Тамара Иванова құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.

   - Білім беру жобасы, IQanat ауылдық мектептеріне арналған республикалық бағдарлама бизнесмендер мен меценаттар тобымен құрылған. Бағдарламаның мақсаты ауыл мектептерінің оқушыларын ұлттық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге тең мүмкіндік алуда қолдау көрсету және ынталандыру, - деп түсіндірді Тамара Николавена.

   Сонымен қатар, Бағдарлама Қазақстанның өңірлері бойынша олимпиадалардың іріктеу турларынан өту, сондай-ақ гранттар мен стипендияларға елдің және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге дайындық жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Олимпиада мектеп бағдарламасында толық құрылған, бірақ логикалық тапсырмалар элементтерін пайдаланады. Сонымен қатар гимназия сыныптары бар мектеп директоры Галина Колодежная және білім бөлімінің мамандары сөз сөйледі. Олимпиада ашылғаннан кейін қатысушылар пәндер бойынша дайындалған аудиторияларға өтті. Олимпиаданың іріктеу турының нәтижелері қаңтар айында белгілі болады. I турдан өткен қатысушылар 2019 жылдың мамыр айында олимпиаданың II кезеңінен өтеді. Айта кету керек, Республикалық кезеңге өтетін біздің ауданымыздың балалары жүлделі орындарды ала алмаса да, олар үшін "Достық" білім беру орталығы ҰБТ тапсыруға дайындықты тегін екі жыл жүргізеді.

 

Call cent

 

Call cent
Call centr

 

 

gossymbols
Государственные символы

 

 

poslanie
Послание Президента

 

 

balalar zhyly
Год детей -2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111ru