Ахмет Байтұрсынұлы – әліпби тарихы...
- Опубликовано 02.09.2022 16:02
Ахмет Байтұрсынұлы – әліпби тарихы...
Ахмет Байтұрсынұлы (1872 жыл, қыркүйектің 5-і жұлдызында қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданыАқкөл ауылы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі болған. Ахмет Байтұрсынұлы туралы сөз болғанда қазақ тілінің қиын да қилы тарихы туралы айтпау мүмкін емес. Оның қазақ тіліне серпін берген жан берген кемеңгер. Ұлт болашағына бар өмірін арнаған, сол жолда өмірімен қоштасқан жанкешті, өр рухты тұлға. Ең алғаш «Оқу құралы» кейіннен өзгерту мен толықтырулар енгізіліп «Әліп-би» деген атпен жарық көрген ең алғашқы қазақ алфабиті үшін қаншама еңбек пен тер төкті. Осындай қазақ қоғамының сауатын ашу мақсатындағы ерен еңбегі ешқашан өшпек емес. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жаңғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы. Қаншама соқпақты жолдармен жүріп осындай кең мүра қалдырған ұлы перзенттің өз деңгейінде бағалануы орынды. «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.» - деп шынайы бағалаған Мұхтар Әуезов. Олай болса шын алыптарды өз биігінде сақтайық.
Читающая школа
- Опубликовано 02.04.2021 10:47
Дом, в котором нет книг,
подобен телу, лишенному души.
Марк Туллий Цицерон
В КГУ" Сосновская СОШ" стартовал проект"Читающая школа" Не секрет, что современная молодежь все больше проводит свое свободное время за компьютером, и на чтение художественной литературы, по их словам, - «нет времени». Это время может быть посвящено занятием спортом, учебой, посещением заведений дополнительного образования. Все это в лучшем случае. И тут можно сказать, что да, возможно, нет времени на чтение книг в силу загруженности ребенка. Но давайте посмотрим, чем же занимаются взрослые и дети в выходные дни? Например, в новогодние каникулы, в красные дни календаря.Кто-то занимается активным отдыхом, а кто-то все время проводит за телевизором и компьютером. И только малая часть населения читает книги художественной литературы.
Зачисление в первый класс и перевод между школами на EGOV
- Опубликовано 11.07.2020 12:59
Внимание!
- Опубликовано 06.03.2020 18:49