Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня42
Вчера40
За неделю82
За месяц115
Всего61173

Поиск по сайту


<< < Сәуір 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Материалдар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегілері);

5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»);

7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»);

9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо).

Байқауды іске асыру тетіктері:

  1. 2022 жылғы маусым-тамыз айлары аралығында республикалық ұйымдастырушылар байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді және оқушыларға байқауға дайындалу үшін кітаптардың тізімі мен сілтемелерін жолдайды.
  2. 2022 жылғы 15-25 қыркүйек аралығында өңірдегі білім бөлімдері орта білім беретін мектептер арасында І кезеңді (аудандық/қалалық) ұйымдастырады.                    
  3. 2022 жылғы 5-15 қазан аралығында облыстық білім басқармалары, «Дарын» орталықтары кемінде 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қалаларда II кезеңді (облыстық/қалалық) өткізеді.
  4. 2022 жылғы 1-15 қараша аралығында республикалық ұйымдастырушылар байқаудың IІІ кезеңін (республикалық) ұйымдастырады. Нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері анықталып, марапатталады.
  5. 2022 жылғы 28 қарашаға дейін республикалық ұйымдастырушылар байқаудың салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырады.

І кезеңнің (аудандық/қалалық) өткізілу тәртібі

1. Әрбір аудан/қала бойынша кемінде 50%-дан астам орта білім беретін мектептері қамтылуы керек.

2. Байқаудың аудан, қала ұйымдастырушылары:

2.1. І кезең қатысушыларының тізімін бекітеді.

2.2. Байқауды өткізу үшін орталық алаңды (мектепті) дайындауды жүзеге асырады. Байқауды өткізуге арналған кабинеттер мен марапаттау рәсіміне арналған акт залын әзірлейді.

2.3. Қазылар алқасының құрамын анықтайды. Қазылар алқасының құрамына «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші» біліктілік санатындағы мұғалімдер мен жоғары білікті әдіскерлер кіреді. Байқаудың төрағалары аудандық, қалалық ішкі саясат, білім бөлімінің өкілдері, басшылары және ата-аналар комитетінің төрағасы болуы тиіс. Қазылар алқасының құрамына байқаудың осы кезеңіне қатысатын оқушылардың мұғалімдері кірмейді.

2.4. Байқаудың қорытындысы бойынша хаттама әзірлейді және
ІІ кезеңге ең жоғары нәтиже көрсеткен 4 оқушыны анықтайды
(3-4 сыныптан – 1 оқушы, 5-6 сыныптан – 1 оқушы, 7-8 сыныптан – 1 оқушы, 9-10 сыныптан – 1 оқушы).

2.5. Жүлдегерлерге диплом әзірлеуді іске асырады. Қазылар алқасының шешімі бойынша жоғарыда көрсетілген әрбір сынып категориясы негізінде 1 оқушы – І орынға, 2 оқушы – ІІ орынға, 3 оқушы – ІІІ орынға ие болып, дәрежелі дипломдар мен белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталады.

2.6. Қорытынды хаттама әзірлейді және республикалық ұйымдастыру комитетіне тиісті есептерді жолдайды.

3. Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті:

3.1. Байқаудың І кезеңін өткізу туралы сценарийін әзірлейді.

3.2. Байқаудың І кезеңінің тапсырмаларын дайындайды.

3.3. Байқаудың есебі мен ІІ кезеңге қатысатын жүлдегерлер тізімін дайындайды.

ІІ кезеңнің (облыстық және республикалық маңызы бар қала) өткізілу тәртібі

1. Облыс және республикалық маңызы бар қалалар бойынша әрбір аудан ең жоғары нәтиже көрсеткен 4 оқушыдан қатыстырады
(3-4 сыныптан - 1 оқушы, 5-6 сыныптан - 1 оқушы, 7-8 сыныптан - 1 оқушы, 9-10 сынып - 1 оқушы).

2. Байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті:

2.1. ІІ кезең қатысушыларының тізімін бекітеді.

2.2. Байқауды өткізу үшін орталық алаңды (мектепті) дайындауды жүзеге асырады. Байқауды өткізуге арналған кабинеттер мен марапаттау рәсіміне арналған акт залын әзірлейді.

2.3. БАҚ-да, әлеуметтік желілерде, облыстық және қалалық білім басқармаларының сайттарында байқау туралы ақпаратты жариялайды.

2.4. Байқаудың әділдігін қамтамасыз ету үшін білім басқармалары CD/DVD дискіге жазылатын бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етеді.

2.5. Қазылар алқасының құрамын анықтайды. Қазылар алқасының құрамына «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші» біліктілік санатындағы мұғалімдер және жоғары білікті әдіскерлер кіреді. Байқаудың төрағалары облыстық ішкі саясат, білім басқармасының өкілдері, басшылары және облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы болуы тиіс. Қазылар алқасының құрамына байқаудың осы кезеңіне қатысатын оқушылардың мұғалімдері кірмейді.

2.6. Байқаудың қорытындысы туралы хаттама әзірлейді және
ІІІ республикалық кезеңге ең жоғары нәтиже көрсеткен 4 оқушыдан анықтайды (3-4 сыныптан - 1 оқушы, 5-6 сыныптан - 1 оқушы,
7-8 сыныптан - 1 оқушы, 9-10 сыныптан - 1 оқушы).

2.7. Жүлдегерлерге диплом әзірлеуді іске асырады. Қазылар алқасының шешімі бойынша жоғарыда көрсетілген әрбір сынып категориясы негізінде 1 оқушы – І орынға, 2 оқушы – ІІ орынға, 3 оқушы – ІІІ орынға ие болып, дәрежелі дипломдар мен белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталады.

2.8. Қорытынды хаттама әзерлейді және республикалық ұйымдастыру комитетіне тиісті есептерді жолдайды.

3. Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті:

3.1. Байқаудың ІІ кезеңін өткізу туралы сценарийін әзірлейді.

3.2. Байқаудың ІІ кезеңінің тапсырмаларын дайындайды.

3.3. Байқаудың қорытындылары бойынша хаттамаларды жинастырады және ІІІ кезеңге қатысатын оқушылардың тізімін әзірлейді.

ІІІ кезеңнің (республикалық) өткізілу тәртібі

  1. Республикалық сайысқа Қазақстанның кемінде 17 облысы мен
3 республикалық маңызы бар қаласынан ең жоғары ұпай жинаған
4 оқушыдан қатысады (3-4 сыныптан - 1 оқушы, 5-6 сыныптан - 1 оқушы, 7-8 сыныптан - 1 оқушы, 9-10 сынып - 1 оқушы).

2. Байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті:

2.1. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар мен жетекшілерді белгіленген күні және іс-шара өтетін мекенжайға алып келуін қамтамасыз етеді.

2.2. БАҚ-да, әлеуметтік желілерде, облыстық және қалалық білім басқармаларының сайттарында байқаудың қорытындылары туралы ақпаратты жариялайды.

3. Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті:

3.1. Байқаудың ІІІ кезеңін өткізу туралы сценарийін әзірлейді.

3.2. Тапсырмалар мәтінінің соңғы нұсқасын әзірлейді.

3.3. Қазылар алқасының құрамын және тәуелсіз комиссияның тізімін әзірлейді.

3.4. Байқау қорытындылары бойынша хаттама әзірлейді және
І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын анықтайды.

3.5. БАҚ-да және әлеуметтік желілерде байқаудың қорытындылары туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.

3.6. Республикалық кезең жеңімпаздары үшін марапаттау рәсімін ұйымдастырады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау тәртібі

1. Байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті:

1.1. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар мен жетекшілерді белгіленген күні және іс-шара өтетін мекенжайға алып келуін қамтамасыз етеді.

1.2. Республикалық ұйымдастыру комитетіне тиісті есептерді жолдайды.

         2. Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті:

         2.1. Іс-шараның өтетін уақытын, мекенжайын және бағдарламасын әзірлейді және жетекшілерге жолдайды.

         2.2. Жүлдегерлерге салтанатты түрде марапаттау рәсімін ұйымдастырады.

         2.3. Жүлдегерлерге диплом әзірлеуді іске асырады. Қазылар алқасының шешімі негізінде әрбір сынып бойынша жүлдегерлер
І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болып, бағалы сыйлықтар мен белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталады.

2.4. БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі туралы ақпараттар жариялауды қамтамасыз етеді.

 

Нұсқаулық. 1-тур. кітап оқу байқауы

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz