Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня2
Вчера43
За неделю156
За месяц553
Всего60799

Поиск по сайту


<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

nauryz2024


Ас мәзірі

 

                 

Ведомость

Оқушылардың тамақтандыруын ұйымдастыру.

           

              Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.

Дені сау баланы тәрбиелеу үшін оның толық білім алуына және дамуына жағдай жасау керек. Баланың денсаулығын, оның физикалық және психикалық дамуын анықтайтын негізгі факторлардың бірі дұрыс тамақтану болып табылады.

             Мектебіміздің асханасы барлық қажетті технологиялық және тоңазытқыш құралдармен жабдықталған. Ыдыс-аяқ, ас құралдары жеткілікті. Мектеп асханасының тазалығына көп көңіл бөлінеді. Жазда асханада жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жуу және зарарсыздандыру барлық санитарлық нормаларға сәйкес жүргізіледі. 
Асханаға кірер алдында қолды жууға арналған жуғыштар жеткілікті. Біздің асхана жарық, дұрыс тамақтану әсем безендірілген бұрышы бар, отырғызатын орын саны-90. Асхана қызметкерлері мейірімді, олар әрдайым балаларды күлімсіреп қарсы алады. 
             Бастауыш сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен қамтылған (111 оқушы және 24 мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері), оның ішінде аз қамтамасыз және көпбалалы отбасылардың балалары-102. Ұзартылған күн тобында оқитын балалар мектепте күніне екі рет тамақтанады. Ыстық тамақтанудың (бірінші, екінші, шай, нан, салат, орама) бағасы - 360 теңге.

   Жылына бір рет ата-аналар мен оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасы, ассортименті және құны туралы сауалнама жүргізіледі. Сауалнама нәтижелері мен ұсыныстар ата-аналар жиналысында талқыланада; асхана жұмысшыларын таныстырамыз. Сынып сағаттарында мұғалімдер балалармен тамақтану кезіндегі мінез-құлық ережелері, тамақтану мәдениеті және олардың денсаулығы үшін жауапкершілік туралы әңгімелейді.

   Комиссия тамақтану сапасын үнемі қадағалап отырады, оған: тәрбие жұмысының директорының орынбасары, әлеуметтік педагог, ата-аналардың өкілдері және медбике кіреді. Шикізат пен дайын өнімнің сапасын бракераж комиссиясы тексереді. Олардың бірлескен жұмысы бізге мектептегі тамақ ұйымдастыруды, оның сапасын бақылауға, қажетті түзетулер енгізуге және мектебіміздегі әр оқушының денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

      Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен тамақтану сапасын бақылау жүргізілді.

      Тексеру барысында төмендегідей жағдайлар анықталды:

    Оқушыларды тамақтандырудың төрт апталық ас мәзірі дайындалып, сынып жетекшілерін ақпараттандырылған. Ал күнделікті ас мәзірі асханада қабырғада ілінген. Тағам дайындау бөлігінің жағдайы талапқа сай келеді. Оқушылардың асханада тамақтану графигі құрылған. Мұнда:

І ауысым

Тамақтану уақыты Үзіліс уақыты Сыныптар Жауапты сынып жетекшілері

9.55-10.10

2-сабақтан кейін

15 минут

   1 «А»

1 «Б»

   2 «А»

   2 «Б»

   3

4 «А»

Искакова Гульнур Абылкаировна

Тусупбекова Зинеп Шабашевна

Исмаилова Жазира Абулхамитовна

Смайлова Асем Тюребековна

Жусупова Майра Кабибуловна

Узыханова Майгуль Абылкаировна

10.50-11.05

3-сабақтан кейін

15

минут

   5

6 «А»

6 «Б»

   7

8 «А»

8 «Б»

Айгумусова Асемгуль Бейсенбаевна

Муханова Ляйля Маданиятовна

Жумангалиева Айгерим Бегендыковна

Акатаева Айнагуль Нурлановна

Жармуханова Айнур Назымовна

Омарова Гульвира Байдрахмановна

11.45-12.00

4-сабақтан кейін

15 минут

   9

   10

   11

Актаева Гульжан Жакимбаевна

Есимханова Айтжамал Мадатовна

Кабдрашитов Азамат Каиртасович

ІІ ауысым

Тамақтану уақыты Үзіліс уақыты Сыныптар Жауапты сынып жетекшілері

14.55-15.10

2-сабақтан кейін

15 минут

4 «Б»

Алимбаева Айнур Каруановна

Азық-түлікпен қамтамасыз етілу тапсырыс арқылы жүргізіледі және азық-түлік сертификатын тасымалдаушылар қамтамасыз етеді. Тағам сақтау қоймаларында көршілес тағамдардың сақталуы талапқа сай орналасқан. Аспазшылардың қызметтік киімдері талапқа сай, әрқайсыларының санитарлық кітапшалары талапқа сай екені байқалды. Асхана ыдыс-аяқпен толық қамтамасыз етілген. Ыдыстардың жиналуы талапқа сай қойылған. Қолданылған ыдыстар үш сатыдан өткізіліп жуылады.

Тексеру қорытындысы бойынша ұсыныстар:

1.Тамақ қалдықтарын уақытында шығарылуы;

5.Еденді оқушылардың әрбір тамақтануынан кейін жуу;

3. Балалардың дұрыс тамақтануының қадағалануы міндетті бақылауда ұсталсын.

   

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz