Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня0
Вчера43
За неделю154
За месяц551
Всего60797

Поиск по сайту


<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

nauryz2024


"Көркем мінез — баға жетпес байлық"

 

Мектебімізде 10—11 сынып оқушыларының ата — аналарымен педагогикалық қолдау орталығының кезекті отырысы "Көркем мінез — баға жетпес байлық" тақырыбында өтті. Отырысты мектеп психологы Смайлова А. С жүргізді. Эмоционалды интелектің дамуы жайлы толық мағлұмат берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Жаны саудың -тәні сау" атты психологиялық тренинг -сабақ ұйымдастырылды.

 

 

10 қазан- дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай 11-сынып оқушыларымен "Жаны саудың -тәні сау" атты психологиялық тренинг -сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың психикалық денсаулық туралы түсініктерін кеңейту. Психикалық денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын ашу. Өмірдің кез-келеген сынақтары кезіндегі күйзелістірге қарсы тұру үшін сенімділігін, мінез-құлық эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру.

 

 

 

 

1-сынып оқушылары ата-аналарына жиналыс өткізілді.

 

 

Мектебімізде психолог мамандардың ұйымдастыруымен 1-сынып оқушылары ата-аналарына жиналыс өткізілді. Оның мақсаты: 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңінен сәтті өтулеріне қолайлы жағдай туғызу, соған байланысты ата-аналар ролін түсіндіру. Мектеп пен ата-ана қауымдастығының ықпалын арттыру. Мектептің психологиялық қызметімен таныстыру.

Міндеттері:

  1. Ата-аналарға баланың мектепке алғаш келген кезде болатын қиындықтары туралы айтып, 1-сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту.
  2. Өз баласымен қарым-қатынас жасаудың мүмкіндігін тудырып, оны дұрыс түсіну, бағалаудың қажеттілігін түсінулеріне көз жеткізу.

Ата-аналар жиналысының жоспары бойынша психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру үшін алдымен «Қызықты танысу», «Менің ойымша сіз бала кезде...» сияқты ойын-жаттығулары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ата-аналарға экранда «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек», «Мектептің психологиялық қызметі» слайдтары көрсетіліп, ата-аналарға арналған жаднама таратылды. Психолог маман Отбасылық «Тәрбиелеу Институты» дайындаған «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» слайдтарына шолу жасады. Сондай-ақ, ата-аналармен пікірлесіп, түсіндірді. Жиналыс барысында келушілерге мектептің психологиялық қызметі туралы таныстырылып, оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге келісім жасалды. Жиналыс ойдағыдай өтті. Ата-аналар өз ойларын айтып, балалары туралы өз пікірлерін ортаға салды. Слайд айтылған көптеген кеңестердің пайдалы екендігіне көздері жеткендей болды. Баланың не нәрсені болсын дұрыс қабылдамай жатуы, олардың орталық жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты екендігі түсіндірілді. 6 жастағы баланың психо-физиологиялық ерекшеліктерін түсінген ата-ана ғана оның сабақ оқуды меңгеру кезеңіндегі қиындықтарына түсінушілікпен қарап, керек кезде тиісті мамандардың көмегіне жүгіну маңыздылығын түсінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 - қазан "Психикалық денсаулық" күні.

 

10 - қазан "Психикалық денсаулық" күні. Психикалық денсаулық - бұл адам баласының өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өмір қиыншылықтарына, стресске төтеп бере алатын, өнімді еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар адамның жайлы жағдайы. Адамның тән саулығы мен психикалық саулығы, яғни жан саулығының өзара байланысы бар екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы күні сіздерге біз тек жақсылық пен көтеріңкі көңіл-күй тілей отырып «Дені саудың – жаны сау» қағидасын ұсынуды жөн көрдік. Олар: • Қалыпты физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтану – жүрек пен қантамырларының саулығының, күшті жүйке жүйесінің және мықты иммунитеттің кепілі.


• Кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау – дененің тез қалпына келуіне және стрестік жағдайларға төзімді болуға көмектеседі.


• Хобби немесе сүйікті ісіңізбен айналысу – организмнің «қуаныш гормонын» бөлуіне әсер етеді.


• Қызықты және позитивті адамдармен араласу оң энергиямен қуаттап, жалпы денсаулыққа жағымды әсер етеді.


• Ішіңдегіні айта білу – ішіңдегіні түгел айтып жеткізбеу, жағымсыз эмоциялар, түсінбеушілік пен күйзеліс ауыр психикалық бұзылуларды тудыруы мүмкін.


• Жайсаңдылық, мейірімділік пен қайырымдылық – өмірдегі қиын сәттерді жеңуге көмектесетін жағымды сезімдер.

 

 

«Сиқырлы сия дақтары» әдісі бойынша тренинг сабақтар ұйымдастырылды.

 

   Оқушылардың жазғы демалысы кезінде арттерапиялық бағытта өзінің ішкі әлемін түсінуге мүмкіндік туғызу, психоэмоционалдық күйді жақсарту мақсатында «Менің ішкі әлемім» атты маймен сурет салу әдісі, сонымен қатар оқушылардың кез-келген өмірдің қиындықтарынан шыға алуға баулу, өзінің негативті ойларын позитивке айнлдыра білуге үйрету мақсатында «Сиқырлы сия дақтары» әдісі бойынша тренинг сабақтар ұйымдастырылды.

   «Әдемі ай», «Жүрек гүлі», «Түстер әлемі», «Шуақты күн», «Бақытты адам», деп атаған өз суреттері арқылы суреттерін «сөйлетіп», әрқайсысы ішкі сезімдерімен бөлісті.

 

 

 

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz