«Бала еңбегін қорға» атты ақпараттық сағат өткізілді.
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2023 18:30
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Шамшырақ» үйірмесінде 12 маусым - Халықаралық балалар еңбегін қанауға қарсы күрес күніне байланысты «Бала еңбегін қорға» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Мақсаты: Заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру. Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, Егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті. - Көптеген адамдар санасында «Құқық» ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланыстырады. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек. Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты.
Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Ақпараттық сағат мектеп психологі Смайлова Аймереке Сматовнамен бірлесіп өткізілді.
"Арттерапия ғажайыптары. Кофемен сурет салу"
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2023 18:25
"Арттерапия ғажайыптары. Кофемен сурет салу"
Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру, релаксация. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру. Барлық оқушылар кофе ерітіндісімен өз ойларындағы қалаған суреттерін салып болған соң кілемге жайланып отырды.
Өздерін еркін сезіне отырып, өз ойларын ортаға салды. Кофемен сурет салудың ерекше екендігін айтып, өз сезімдерімен бөлісті. «Суреттің қай бөлігі саған қуат берді, қандай әсерде отырсың, суреттегі бейнелер саған не айтып тұр?» деген сұрақтарға жауап беріп, ойларымен бөлісті. Сурет атынан өзіне бағыттап «Үндеу» жазды. Дауыстап оқып берді. Барлық қатысушылардың үндеулері позитивті болып шықты.
«Қыздарға лайықты мамандық бола ма?» атты танымдық сабақ өкізілді.
- Толығырақ
- Жарияланды 17.06.2023 15:53
Қыздардың мектеп кезінен өз кәсібін дұрыс таңдауына бағыт беру, қыздарға тән мамандықтармен таныстыру мақсатында мектебімізде жасөспірім қыздарға арналған «Қыздарға лайықты мамандық бола ма?» атты танымдық сабақ өкізілді. «Мамандық» туралы түсініктерін кеңейте отырып, жалпы мамандық салаларымен таныстырылды. Соның ішінде не себепті кейбір мамандықтар қыздарға тән болатындығы түсіндірілді. Қыздар үшін ең беделді және танымал мамандықтардың тізімі ұсынылып, «Қыздарға арналған ерекше топ-мамандықтар» бейнеролигі көрсетілді. Қыздар да мамандық таңдауға байланысты өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, қыздар психогеометриялық тест орындау арқылы, өздеріне қандай мамандықтар тән екендігін анықтады.
Оқушылар "Хош келдің, жайдары жаз" атты арттерапия сабағына қатысты.
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2023 17:27
Мектебімізде арттерапия бағыты бойынша "Жансаулық" жазғы бейіндік үйірме өз жұмысын бастады. 1- күн "Хош келдің, жайдары жаз" атауымен басталып, психологияның арттерапия бағытының ерекшеліктерімен таныстырылып, оқушыларға эмоционалдық интеллектіні дамытуға байланысты кеңестер айтылды. Бұл күн "Мандала салу" арқылы қатысушылардың өздерін тереңірек білулеріне, қабілеттерін айқындауға, ішкі әлемін тереңірек түсінулеріне мүмкіндік берді. Жетекшісі: мектеп психологі Смайлова А.С.
#АбайҚұнанбаеватындағыЖОББМ
#жаз2023
«Инабатты әпкелердің ізімен...» атты кеңестік-танымдық сабақ өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 07.05.2023 23:08
Мектебіміздің психологі, қыздар клубының жетекшісі Смайлова А.С жасөспірім қыздардың бойына адамгершілік пен әдептілікті дарыту, қыздарға тән дұрыс-жүріс тұрыс ережелерін, инабаттылық қағидаларын білуге тәрбиелеу мақсатында «Инабатты әпкелердің ізімен...» атты кеңестік-танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында қыздарға «Қыз тәрбиесі» атты ролик көрсетілді. Қазіргі заман қыздары жан-жақты, білімді болуымен қатар қазақ қызына тән әдептілікті сақтау үшін не істеу керек, қандай қағидаларды естен шығармауы керектігі жөнінде әңгіме-сұхбат болды. Үйде, қоғамдық жерлерде қыздарға тән дұрыс жүріс -тұрыс ережелерін бала кезден білу маңыздылғы, сонымен қатар ата-ана, үлкендер ақылын дұрыс қабылдау жөнінде кеңестер берілді. Қыздар топқа бөлініп, сурет арқылы «Инабатты қыз» моделін жасады.