Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня2
Вчера43
За неделю156
За месяц553
Всего60799

Поиск по сайту


<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

nauryz2024


1-сынып оқушылары ата-аналарына жиналыс өткізілді.

 

 

Мектебімізде психолог мамандардың ұйымдастыруымен 1-сынып оқушылары ата-аналарына жиналыс өткізілді. Оның мақсаты: 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңінен сәтті өтулеріне қолайлы жағдай туғызу, соған байланысты ата-аналар ролін түсіндіру. Мектеп пен ата-ана қауымдастығының ықпалын арттыру. Мектептің психологиялық қызметімен таныстыру.

Міндеттері:

  1. Ата-аналарға баланың мектепке алғаш келген кезде болатын қиындықтары туралы айтып, 1-сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту.
  2. Өз баласымен қарым-қатынас жасаудың мүмкіндігін тудырып, оны дұрыс түсіну, бағалаудың қажеттілігін түсінулеріне көз жеткізу.

Ата-аналар жиналысының жоспары бойынша психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру үшін алдымен «Қызықты танысу», «Менің ойымша сіз бала кезде...» сияқты ойын-жаттығулары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ата-аналарға экранда «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек», «Мектептің психологиялық қызметі» слайдтары көрсетіліп, ата-аналарға арналған жаднама таратылды. Психолог маман Отбасылық «Тәрбиелеу Институты» дайындаған «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» слайдтарына шолу жасады. Сондай-ақ, ата-аналармен пікірлесіп, түсіндірді. Жиналыс барысында келушілерге мектептің психологиялық қызметі туралы таныстырылып, оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге келісім жасалды. Жиналыс ойдағыдай өтті. Ата-аналар өз ойларын айтып, балалары туралы өз пікірлерін ортаға салды. Слайд айтылған көптеген кеңестердің пайдалы екендігіне көздері жеткендей болды. Баланың не нәрсені болсын дұрыс қабылдамай жатуы, олардың орталық жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты екендігі түсіндірілді. 6 жастағы баланың психо-физиологиялық ерекшеліктерін түсінген ата-ана ғана оның сабақ оқуды меңгеру кезеңіндегі қиындықтарына түсінушілікпен қарап, керек кезде тиісті мамандардың көмегіне жүгіну маңыздылығын түсінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz