Cеминар тренинг санын тазарту
- Толығырақ
- Жарияланды 03.02.2020 15:35
Сонымен қатар мұғалімдерден «Күйзеліске қарсы тұра алушылық және әлеуметтік бейімделуді анықтау» тесті алынып, өздерінің стресстік деңгейлерін есептеді. Мұғалімдердің стресстік деңгейлері шамадан тыс болған жоқ. Дегенмен кейбір жағдайлар бойынша орташа деңгей көрсетілген мұғалімдер болды. Соған байланысты бірқатар ұсыныстар мен кеңестер берілді. Дегенмен Ұстаздардың өмірге көзқарастары позитивті екендігі байқалды. Ұжымдағы микроклимат пен адамның психологиясының арасындағы тығыз байланыс туралы айтылды. Әр адам күйзеліске қарсы тұра алу үшін не істеу керек? Соның ең бастысы «сананы тазарту». Мұғалімдерге «түпкі сана» түсінігі, ондағы жайсыз эмоциялар жөнінде айтылды. Жоғары сананы тыңдап, өз эмоцияларын басқара білу жолдары айтылып, түсіндірме «жадынама» қағаздары таратылды.