«Бала еңбегін қорға» атты ақпараттық сағат өткізілді.
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2023 18:32
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Шамшырақ» үйірмесінде 12 маусым - Халықаралық балалар еңбегін қанауға қарсы күрес күніне байланысты «Бала еңбегін қорға» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Мақсаты: Заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру. Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, Егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті. - Көптеген адамдар санасында «Құқық» ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланыстырады. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек. Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты.
Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Ақпараттық сағат мектеп психологі Смайлова Аймереке Сматовнамен бірлесіп өткізілді.