6-8 сынып оқушыларына Ғабдылуахит Хазірет Тіленшіұлы кесенесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
- Толығырақ
- Жарияланды 21.06.2023 11:38
Ағымдағы жылдың 15- маусымында 6-8 сынып оқушыларына Ғабдылуахит Хазірет Тіленшіұлы кесенесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Балалардың сапарын «Киелі өлкем», «Шамшырақ» және «Тілдер мектебі» бейіндік лагердің жетекшілері ұйымдастырды. Экскурсия барысында балалар туған өлкесінің тарихымен, мәдениеті мен өз заманының танымал тұлағасы Ғабдылуахит Хазірет Тіленшіұлының өмірбаянымен танысты.
Экскурсия балаларға ұмытылмас сәттер мен жағымды әсер сыйлады. Осы жерде алғаш рет болған 6-сынып оқушыларының бірі Муратова Ясмин, Сынбатқызы Аида және Қуаныш Аяжан өз ойларын білдірді. Балалардың айтуы бойынша мұнда тағы да, келуін армандайды. Мектептің «Шамшырақ» үйірмесінің жетекшісі Самал Садуакасова Ғабдылуахит Хазірет Тіленшіұлының өмірбаянына байланысты «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап ойынын өткізді. Ойын барысында 8- сынып оқушысы Томирис Жанатұрмысова өте көп ұпай жинап, белсенділік танытты.
«Киелі өлкем» бейіндік отрядының жетекшісі Айнаш Абдугалиева балаларды тарих әлеміне саяхатын Ғабдылуахит Хазірет Тіленшіұлының өмір жолынан бастады. Сонымен қатар орман ішінде әр түрлі ойындарды ұйымдастырды. «Тілдер мектебі» бейіндік лагердің жетекшісі де «Абай алауы» журналының бас редакторы Айгерім Жумангалиева өз пікірін ортаға салып, балалармен бірге журналға арналған мақалаға ақпараттарды жазып алды.