Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня1
Вчера17
За неделю71
За месяц354
Всего59540

Поиск по сайту


<< < Қазан 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

nauryz2024


"Абай-дана,Абай-дара қазақта" атты әдеби кеш өтті.

 

 

 

  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 10-тамыз -Абай күні қарсаңында Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп қабырғасында "Абай-дана,Абай-дара қазақта" атты әдеби кеш өтті.


  Әдеби кештің мақсаты - Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Аталған шараға мектептің ұстаздары, ақын өлеңдерін сүйіп, жатқа оқитын оқушылар қатысты.

 

 

  Шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы, философиялық терең ойлары жайлы әңгіме өрбіп, ақын шығармаларының тереңдігі мен тәрбиелік мәні жөнінде салмақты ойлар ортаға салынды.

 

 

  Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ол әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан.

 

  Әдеби кеш барысында ақынның қарасөздері мен өлеңдері оқылып, Жұмабекқызы Әлия "Көзімнің қарасы" әнін орындады. Сонымен қатар кітапханада "Абай-дана,Абай-ұлы,Абай-дара қазақта"атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушыларға оқуға ұсынылды.

 

 

 

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz