«Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты жаңа кітаптарға шолу
- Толығырақ
- Жарияланды 13.11.2023 14:41
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты жаңа кітаптарға шолу өткізілді.
Мақсаты:
1. Өзіңе әлдебір жаңа нәрсе жасауға ұран тастау және өзің бұрыннан кейінге қалдырып жүрген істі жасау!
2. Күз мезгілін қызықты әрі пайдалы өткізу!
3. Жақсы көңіл-күймен қуат алып, күзгі демалысты өткізу!
4. Оқу, жасау, сурет салу, оқылғандар туралы сюжеттер, әңгімелер ойлап табу! Шара барысында күзгі демалыста жас ерекшеліктеріне қарай осы кітаптар тізімі ұсынылды. 1. Бауыржан Момышұлы. «Көз алдымда бәріңсің»
2. Абай. «Таңдамалары»
3. В.З. Галиев. «Ұлтты оятқан кітап» Міржақып Дулатұлы және оның «Оян, қазақ!» кітабының ізімен
4. Джоан Роулинг. «Гарри Поттер туралы кітаптар сериясы»
5. Марк Твен. «Том Сойердің басынан кешкендері»
6. М.Тазабек. «Еркем, өмірің болсын көркем».
7. Қаз дауысты Қазыбек би
8. Брайн Трэси. «12 әмбебап қағидаттар»
9. И.Есенберлин. «Ғашықтар»
10. Міржақып Дулатұлы. «Бақытсыз Жамал»
Мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы айта кететін болсақ, кітап тұлғаның рухани байлығын сақтаушы ретінде ұрпақты өткені, бүгіні және болашағымен байланыстырады. Сондықтан мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке тәрбиелеу үшін кірпіш бола алатын бірнеше кітап таңдадық.