Мектебіміз "Саябақтар шеруі —2023" акциясына қатысты.
- Толығырақ
- Жарияланды 07.05.2023 23:46
"Саябақтар шеруі —2023" акциясы аясында мектебіміздің айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Халықтар достығы-бірлікте» атты шара өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 06.05.2023 00:13
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Халықтар достығы-бірлікте» атты іс-шара 4-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Әр ұлттың киімі, салт-дәстүрімен таныстыру.
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміздің адал ұрпағын тәрбиелеу.
Еуропалық иммундау апталығы өткізілді.
- Толығырақ
- Жарияланды 06.05.2023 00:02
Мектебімізде 23—29 сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтті. Апталық барысында мұғалімдер мен оқушыларға "Вакцинация туралы" ақпарат беріліп, сауалнама алынды. Оқушылар арасында спорттық сайыс өткізілді. Сонымен қатар сынып сағаттары ұйымдастырылды.
«Құстар-біздің досымыз» атты викторина
- Толығырақ
- Жарияланды 06.05.2023 00:07
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Құстар-біздің досымыз» атты викторина 2б-сыныбына арналды. Мақсаты: Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Құстар – біздің досымыз!. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар өсімдік қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білуге баулу.
Оқушылар «Қазақтың ханы-Абылай» атты тарихи дәрісті тыңдады.
- Толығырақ
- Жарияланды 05.05.2023 23:32
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қазақтың ханы-Абылай» атты тарихи дәріс 7-сынып оқушыларымен өтілді. Мақсаты: Қазақ хандары туралы ежелгі қазақ халқының дамуы жайында мағұлмат беру. Оқушылардың патриоттық рухын көтеру, еліне-жеріне деген махаббатын арттыру. Ата - бабаларына деген құрметін, қазақ хандығының құрылуы туралы білмдерін толықтыру. Абылай хан арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай білуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.
Абылай бабаның аңсаған арманына да жеттік. Еліміз тәуелсіздік алды, басқа ұлыстармен теңесіп, көк туымызды желбіреттік. Біз бабалар өсиетін, аманатын ұмытқан жоқпыз. Олардың аруағына сиына отырып, істерін алға жалғастырып келеміз. Бұл аталар дәстүріне адалдықты, сыйластықтығын білдіреді.