"Жаншуақ" лагеріндегі күнделікті таңғы жаттығу.
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2023 19:33
Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру "Жаншуақ" лагерінің оқушылар күнделік таңғы жаттығу жасайды. Таңғы жаттығу бала денсаулығы үшін өте пайдалы. Балаларға күні бойы белсенді болуына жақсы әсер береді.
"Ертегі әлеміне саяхат"
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2023 19:10
"Жаншуақ" жазғы сауықтыру лагерінде "Ертегі әлеміне саяхат" атты іс шара ұйымдастырылды. Оның мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегілер әлемінің шеберлігін көрсетіп, балалардың оған қызығушылығын арттыру.
Оқушылар туған өлкесінің тарихымен танысты.
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2023 18:53
Оқушылар "Киелі өлкем" үйірмесінің жоспары бойынша Шарбақты ауданының тарихымен танысты. Мақсаты: балалардың өз туған өлкесінің тарихын білу.
"Асық ату" ойынынан сайыс өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2023 18:57
Мектеп жанындағы "Жаншуақ" жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары "Асық ату" ойынынан сайыс өтті.
Мақсаты: оқушылардың ой — өрісін дамытып, ептілікке, шапшаңдылыққа үйреті.
«Бала еңбегін қорға» атты ақпараттық сағат өткізілді.
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2023 18:32
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Шамшырақ» үйірмесінде 12 маусым - Халықаралық балалар еңбегін қанауға қарсы күрес күніне байланысты «Бала еңбегін қорға» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Мақсаты: Заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру. Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, Егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті. - Көптеген адамдар санасында «Құқық» ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланыстырады. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек. Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты.
Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Ақпараттық сағат мектеп психологі Смайлова Аймереке Сматовнамен бірлесіп өткізілді.
Тағы мақалалар...
- "Сақ жүрсең сау жүресің" атты Қауіпсіздік сабағы өткізілді.
- Жасөспірімдер "Денсаулық зор байлық" атты спорттық шараға қатысты.
- Ақын, профессор Бауыржан Жақыптың мерейлі 60 жасқа толуына байланысты «Ұлы Абайдай бабамнан мұра болған өлеңім » атты әдеби кеш өтті.
- Оқушыларға «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты видеослайд көрсетілді.