«Кітапті жан азық деп қанып іш...» атты жаңадан тұскен кітаптарға шолу жасап ақпарат беру сағаты
- Толығырақ
- Жарияланды 19.10.2023 16:17
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапті жан азық деп қанып іш...» атты жаңадан тұскен кітаптарға шолу жасап ақпарат беру сағаты өтілді. Мақсаты: Кітап – адам жанының рухани азығы. Кітап оқыған сайын оның оқырманының ынтасы мен зейіні арта түсері анық. Кітап оқу – адам психологиясын сергітіп, рухани дамуға көмектеседі. Білімді толықтырып, ойлау жүйесін дамытады. Осылайша кітапты 1 рет қолына алған оқырманда әрі қарай басқа да кітаптарға деген қызығушылық туындайды.
Жалпы адам мен кітап арасындағы байланыс – көрінбейтін көпір тәріздес. Оқырман оны оқыған сайын бекіп, нығая түседі. Бүгінде кітап оқу, кітапқа қызығушылық таныту азайып бара жатқаны рас. Заман мен технологияның дамуына байланысты электронды және аудио форматтағы кітаптар да қазір зор сұранысқа ие. Алайда, денсаулығымызға зиян келтіретін, компьютер мен телефондардан бойымызды алшақтатып, ақ парақта жазылған, қағаз кітаптардың пайдасы едәуір мол екндігін жас оқырмандарға түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Мектебімізде өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша тәрбие сағаттары өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 19.10.2023 16:10
Жылыту маусымының басталуына орай балалар мен жасөспірімдер арасында өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша тәрбие сағаттары өтті. Өрт сөндіруші қызметкерлер оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Абайлаңдар балақай!» атты жол жүру қауіпсіздігін сақтау сағаты
- Толығырақ
- Жарияланды 19.10.2023 16:05
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Абайлаңдар балақай!» атты жол жүру қауіпсіздігін сақтау сағаты өтілді.
Мақсаты:
1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.
3. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Жол ережесі жазылған кітаптарды оқушыларға ұсыну. Сөздік қорларын байыту.
"Арайлы алтын күз" атты мерекелік шара өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 19.10.2023 11:04
Мектебімізде 5—7 сынып оқушыларымен "Арайлы алтын күз" атты мерекелік шара өтті. 5—7 сынып оқушылары атаулы шараға өте жақсы деңгейде дайындықпен келген.
1—орын 6"А" сынып, 2—орын 7"Б" сынып, 3—орын 6 "Б" сыныптар иеленді. "Көрермен көзайымы" номинациясын 5 "А" сынып, "Үздік өнер" номинациясын 5 "Б" сынып, "Ең үздік композиция" 7 "Б" сынып алды.