Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня0
Вчера17
За неделю70
За месяц353
Всего59539

Поиск по сайту


<< < Сәуір 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

nauryz2024


«Шыңғыстаудың үш шыңы» атты әдеби кеш

 

 

Іс-шара аталуы: «Шыңғыстаудың үш шыңы» тақырыптық әдеби кеші.

Мақсаты: Әлемді мойындатқан, дала сахнасының төрінен көрініп, тұтас адамзатқа ортақ биік парасатты мұраттарымен, болашаққа деген сенімдерімен, бүгінгі ұрпаққа ұлылықтарымен әйгіленген ұлы тұлғалар - Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларын дәріптеу.

Өзектілігі: Абай мен Шәкәрімнің философиялық идеяларын ұрпақты рухани- адамгершілікке ,отансүйгіштікке , оқу-білімге құштар ету тәрбиесінде кеңінен қолдану.

Өтілетін орын: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты селосы, Чкалов көшесі, 40.

Шара өтетін білім беру мекемесі: Павлодар облысының білім басқармасы,Шарбақты ауданының білім беру бөлімінің «Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ

 

Қатысушылар саны: 100 адам. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының серіктес Қызылата жалпы орта білім беру мектебінің ұстаздары; Павлодар облысының Инновациялық орталығының мамандары; Шарбақты ауданының әкімшілігі; Шарбақты ауданының білім бөлімі мамандары, Шарбақты ауданының бөлім басшылары; Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері; мектептің «Қамқоршылық кеңесі»; Ауданның мемлекеттік тілде білім беретін мектептерінің директорлары, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері және 8-11 сынып оқушылары.

Іс-шара туралы қысқаша ақпарат:

   Бүгінгі күні өз алдына Тәуелсіздік алып, Егеменді ел, өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отыр. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттауда. Осы тұрғыда, дәуір даналары : Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Омарханұлы Ауезов бірін- бірі жан-жақты толықтырып тұратын тұлғалар. Біріншісі ақындық өнердің ғаламат құдіретін танытса, екіншісі әдеби философиялық ойдың биік шыңы болған, үшіншісі көркем сөздің қас шебері екендігін өскелең ұрпаққа насихаттау. Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, деп Абай данамыздың өзі жырлап кеткендей, уақыт озса да ешқашан да тозбайтын асыл мұралары, отандық тарихымыз бен әдебиетімізден ойып тұрып орын алған Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды тұлғалардың шығармашылығын дәріптеу,білім алушыларға ой тастау мақсатында ұйымдастырылды.

-         Абай өлеңдерін және қара сөздерін мәнерлеп оқу; Оқушылар мен ұстаздар Абайдың әндерін шырқап, Шәкәрімнің «Үш анық » өлеңін мәнерлеп оқиды.

     Әдеби кеште Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әніне сахналық қойылым жасалады.

Осыдан кейін « Абайдың Шәкәрімді оқуға жібергені туралы» телефильмнен үзінді көрсетіледі. Сарыарқаның кіндік тұсында, киелі Шыңғыстау сияқты аймақта үш алыптың дүниеге келіп, сөз өнерінің әсемдік биігіне көтерілуі адамзат тарихында сирек кездесетін құбылыс. Халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілсе де, Абай аты мен Абай сөзі оның жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы боп қала береді.

Шәкәрім – Абай дәстүрін жалғастырушы деп айтамыз. Оған дәлел өте көп.

Шәкәрім поэзиясы - өзінің көркемдік бар асылымен Абай стилін, реалистік дәстүрін дамытқан бай мұра. Абайдың реалистік дәстүрі – Шәкәрім шығар-маларының негізгі идеялық – көркемдік нысанасы. Қай тақырыпты жырласа да, ол Абайдың гуманистік идеясы үлгісінде, реалистік тәсілмен жеткізуге күш салады.

Байладым белді бекем буайын деп,
Жүректі адалдықпен жуайын деп.
Талпынған мақсат іздеп мақрұм қалмас,
Адамдық ғылым жолын қуайын деп, деген «Жастарға» өлеңінің өзінде Абайдың әрбір сөзін түсіндіріп, жастарға жеткізіп айта білген.

Кеш барысында білімді жастары -Қайролла Құрметбекұлы мен Айман Серігханкызын өз жүректерінен шыққан «Шәкәрімге арнау» өлеңін сахнаға шығарады.

-         Әлемге әйгілі жазушы Мұхтар Омарханұлы Ауезовтың «Еңлік Кебек» трагедия жанрында жазылған пьесасынан «Парасат» оқушылар шығармашылық театрының сахналық көрінісін тамашалады.

Кеш соңында Абай атамыздың жүрек тазартатын әсем әндерінің бірі «Көзімнің қарасы» әнін барша қатысушылар қосылып шырқады.

 

 

 

 

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz