Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня2
Вчера17
За неделю72
За месяц355
Всего59541

Поиск по сайту


<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

nauryz2024


Қазақ тілде оқытатын «спорт нұсқаушының» бос лауазымына конкурс өткізу туралы жарнама

 

 

Қазақ  тілде оқытатын  «спорт нұсқаушының» бос лауазымына

конкурс өткізу туралы жарнама

          Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ  (оқыту қазақ  тілде)   спорт нұсқаушының лауазымына 1 ставка  бос орнына ашық конкурс жариялайды.

Орналасқан жері: Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы, Чкалов көшесі, 40 үй, пошталық мекен-жайы 141100, телефон нөмірлері 8718(36)2-26-52, электрондық пошта мекенжайы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Лауазымдық  жалақысы еңбек өтіліне байланысты 120819 теңгеден 140302 теңгеге дейін.

                                  Спорт нұсқаушының лауазымдық міндеттері

Нұсқаушы  - әдіскер өз лауазымы бойынша мынадай міндеттерді атқарады:

-       спорт түрлері бойынша оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады;

-       талапкерлерді іріктеу, олардың спорттық бағыт-бағдарларын айқындау жөнінде жүргізілетін жұмыстардың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін және үйлестірілуін жүзеге асырады;

-       тренер-оқытушылармен бірге үміткерлерді іздестіру және іріктеу бағытында жұмыстар жүргізіп, оларды спортқа қабылдайды, топтардың жасақталуын, оқу-жаттығу және тәрбие процестері нәтижелерін бақылайды;

-       бөлімше немесе дайындық кезеңі жұмыс нәтижелерінің статистикалық есебін жүргізеді, өз жұмыстарының нәтижелері мен мән-мазмұнына, тренер-оқытушылардың жұмыс тәжірибелеріне талдау жасап, көп жылдық мәліметтер бойынша қорытындылар жасайды;

-       оқушылардың біліктілік разрядтарын ресімдеуге байланысты құжаттамалар жүргізеді, тренер-оқытушылар тарапынан оқу құжаттамаларының жүргізілуін және орындалуын қадағалайды;

-       қызметі нәтижелері туралы статистикалық есеп дайындайды немесе оны дайындауға қатысады;

-       тренерлік кеңес жұмысын ұйымдастырады, мектептегі  жылдық жұмысын жоспарлайды, әдіскерлік кеңес мәжілістері хаттамаларын жүргізеді;

-       оқушыларды іріктеу нәтижелері туралы ақпарат дайындайды;

-       аға тренер-оқытушымен, тренер-оқытушылармен бірлесіп оқушылардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуын ресімдеуге байланысты құжаттамаларды әзірлейді;

-       ашық сабақтар өткізуді ұйымдастырады, бөлімше тренер-оқытушылары арасында тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізеді;

-       бөлімше тренер-оқытушыларының біліктілігін арттыруға байланысты жұмыстар ұйымдастырады;

-       медициналық-педагогикалық бақылау ісін және бөлімше тренер-оқытушылары тарапынан қалпына келтіру шараларының орындалуын қадағалайды;

-       бөлімше тренер-оқытушыларын әдістемелік құжаттамаларымен, оқу құралдарымен және әдебиеттермен қамтамасыз етеді.

2.Құқықтары

     Нұсқаушы-әдістемеші мыналарға құқылы:

-         өз жұмысының формасын, әдіс, тәсілін, жолдарын өзі дербес таңдап алуға;

-         директордың орынбасарынан әдістемелік көмек алуға;

-         әкімшілігіне қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстар ендіруге;

-         тренер-оқытушыларға жұмыс әдістемесі мәселелері бойынша нұсқама, жөн-жобалар беруге.

                                       3.Жауапкершілігі

         3.1. тренер-оқытушы осы нұсқаулықтың 2-тармағында қарастырылған міндеттерін тиісті дәрежеде орындамағаны немесе орындамағаны, сондай-ақ жарғысы мен ішкі еңбек тәртібі ережелерін бұзғаны үшін тәртіптік жауапқа тартылады.

         3.2. Тренер-оқытушы тигізген мүліктік залалы үшін ҚР заңнамаларына сәйкес материалдық жауапқа тартылады.

          Біліктілікке қойылатын талаптар:

           Жоғары педагогикалық  білімін  және   педагогтың  кәсіби санаты   растайтын құжаттары талап етіледі. Жұмыс өтілі : педагог, лауазымындағы жұмыс өтілі – 3 жылға дейін.

Өтінім беру мерзімі: 2022 жылғы желтоқсаның 1-нен желтоқсаның 9-на дейін қоса алғанда.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

          1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

          2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

          3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілсін – бар болса);

          4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

          5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

          6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

          7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

          8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

          9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

          10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

          Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

          Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

11 қосымша 

Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың

бағалау парағы ____________________________________________________________  (Т.Ә.А. (болған жағдайда))

Өлшемшарттар Растайтын құжат

Балл саны

(1-ден 20-ға дейін)

Баға
1. Білім деңгейі Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1

Жоғары күндізгі = 5

жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2

жоғары білім туралы үздік диплом = 7

 
2. Ғылыми / академиялық дәрежесі Білімі туралы диплом

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5

PHD-докторы = 10

Ғылым докторы = 10

Ғылым кандидаты = 10

 
  Ұлттық біліктілік тестілеуі Сертификат

"Педагог" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60-қа дейін = 0 балл

60-тан 70-ке дейін = 2 балл

70-тен 80-ге дейін = 5 балл

80-нен 90-ға дейін = 6 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40-қа дейін = 0 балл

40-тан 50-ге дейін = 1 балл

50-ден 60-қа дейін = 2 балл

60-тан 70-ке дейін = 3 балл

"Педагог-модератор" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін = 0 балл

60-тан 70 балға дейін = 3 балл

70-тен 80 балға дейін=6 балл

80-ден 90 балға дейін=7 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40-тан 50 балға дейін=2 балл

50-ден 60 балға дейін=3 балл

60-тан 70 балға дейін=4 балл

"Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін=0 балл

60-тан 70 балға дейін=4 балл

70-тен 80 балға дейін=7 балл

80-нен 90 балға дейін=8 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40-тан 50 балға дейін=3 балл

50-ден 60 балға дейін=4 балл

60-тан 70 балға дейін=5 балл

"Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін=0 балл

60-тан 70 балға дейін- 5 балл

70-тен 80 балға дейін=8 балл

80-нен 90 балға дейін=9 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40 - тан 50 балға дейін=4 балл

50-ден 60 балға дейін=5 балл

60-тан 70 балға дейін=6 балл

"Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл

 
3. Біліктілігі/Санаты. Куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл

1 санат -2 балл

Жоғары санатты-3 балл

Педагог-модератор-3 балл

Педагог-сарапшы = 5 балл

Педагог- зерттеуші = 7 балл

Педагог-шебер = 10 балл

 
4. Педагогикалық қызмет өтілі еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

1 жылдан 3 жылға дейін = 1

3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5

5 жылдан 10 жылға дейін = 2

10 жылдан және одан артық = 3

 
5. Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл

директор орынбасары= 3 балл

директор = 5 балл

 
6. Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері

"өте жақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл

 
7. Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)  Хат

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл

Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл

Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл

 
8. Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;

- мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;

- мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл

ғылыми жобалар-1 балл

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл

"Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл

"Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл

медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10

 
9. Әдістемелік қызмет - авторлық жұмыстар және жарияланымдар

ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл

РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы

БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы

 
10 Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық

- көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл

ӘБ жетекшілігі -1 балл

кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл

2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл

Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл

3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

 
11 Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;

- цифрлық сауаттылық сертификаты,

ҚАЗТЕСТ,

 IELTS;

 TOEFL;

DELF;

Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары

– 0,5 балл

курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

 
Барлығы: Максималды балл – 83  

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz