Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня0
Вчера17
За неделю70
За месяц353
Всего59539

Поиск по сайту


<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

nauryz2024


Жыл қорытындысы - 2023

«Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалауды іске асыруды қарқынды жолға қоюғанбыз. Осы пікірдің өзінен-ақ білім беру жүйесін басқарудың әдіс-тәсілдеріне жаңаша құрылыммен қарап келеміз.

     2020-2021 оқу жылын қорытындылау барысында облыстық «Ең үздік білім беру ұйымы» конкурсында жеңімпаз атанып, Павлодар облысының сол кездегі әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақовтың қолынан 50 млн. Тенге арнайы грантқа ие болдық. 2022 жылдың наурыз айынан 31-желтоқсанға дейінгі аралықта мемлекеттік сатып алу процестері арқылы Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы ЖОББ мектебінің материалдық –техникалық базасы нығайтылды.

Елеулі табыстарға жетуіміз барысында  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мектеп» атты 2020-2025 жылдарға арнайы жасалған мектептің «Даму бағдарламасы» аясында заманауи инновациялық технологияларды кеңінен қолдана отырып, қоғаммен тығыз байланыста жұмыс атқарудамыз.

   Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша   мектеп кітапханалары қызметінің барлық бағыттарын қамтыған "Оқуға құштар мектеп " республикалық жобасы аясында Ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқумен тікелей байланысты екеніне толықтай көзіміз жетті   Мектептегі кітапхана қоры – 20 211 дана болса,оның ішінде көркем әдебиет – 3 560 дана, оқулықтар қоры-15 408 дана. Ал көркем әдебиеттер саны жылдан жылға молаюда.

«Қоғамға қызмет ету» жобалары мен оқу- тәрбие процесіндегі   маңызды істеріміздің бірі- «Абайды оқы да ,таңырқа» жобаларының берері мол болды. Сонымен қатар, ұстаздардың кәсіби шеберлігінің шыңдалуы аса маңызды екендігін атап айтамыз. Ұстаздың бүгінгі күннің талабына сай болуы, әр жұмысты тиянақты, сапалы, мазмұнды орындауы, шәкіртінің жүрегінен орын алу арқылы жоғарғы нәтижеге жету-біздің ұжымның қолынан келетін дүние екеніне көзіміз жетті.

2021 жылдан бері мектебіміз Павлодар облыстық «Абай желілік мектептері» серіктестігі құрамына кірді. Тараптар мамандардың кәсіби дайындығын арттыруға байланысты шараларды, ғылыми-әдістемелік қолдау, дарынды балалармен желілік жобаларды бірлесе ұйымдастырады.

2022 жылы «Өңіраралық желілік мектептер» арасында білім мен тәрбие, тәжірибе алмасуды нығайту барысында   ұзақ мерзімді серіктестікті бекіту, әрі кеңейту мақсатында Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Қызылата жалпы орта білім беретін мектебімен серіктестік меморандумына қол қойылып, жұмыс жасалды. Серіктестіктің негізгі мақсаты: білім беруді дамытудағы мемлекеттік бағдарламаларды, инновациялық жаңа жобалардың іске асуына бірлесе мұрындық болу.

Білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында тірек мектебі (ресурс орталығы) өз жұмысын жалғастыруда. Тірек мектебінде   математика, физика, биология пәндерінің мұғалімдері мен мектеп психологы жұмыс жүргізеді. Тірек мектебінде Жаңауыл, Александровка және Галкин орта мектептерінің 10-11 сынып оқушылары   білім алады.         

Биылғы оқу жылын 7 түлек аяқтады. Есимханова Альмира «Алтын белгі» және Абенов сыйақысының иегері атанды. Түлектер 100% жоғары оқу орнының мемлекеттік грант иегері болды.

Білім беру мекемеміздің ағымдағы жылғы жетістіктері: оқушыларымыздың жыл сайын облыстық пән олимпиадасында қазақ тілі ,ағылшын тілдерінен жеңімпаз атануы. Биылғы оқу жылында

  • 11-сынып оқушысы Есимханова Альмира, 10-сынып оқушысы Шаймарданова Амина жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен орыс тілі мен әдебиет пәндерінен ІІІ орындар иеленді. (Пән мұғалімі Есимханова А.М.) ; Физика пәні бойынша Торайғыров университеті ұйымдастырған пән олимпиадасында 11-сынып оқушысы Шаймарданова Амина І орынды иеленіп, университеттің білім грантын жеңіп алды. (Акатаева А.Н.)
  • "Ертіс дарыны"   орталығының ұйымдастыруымен өткен "Жас кемеңгер" сырттай мектебінің шағын олимпиадасында 7-сынып оқушысы Мулгисин Күнсұлу ІІІ орын (Бердыгожина Г.К);
  • 5-6 сыныптарға арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 6-сынып оқушысы Болатжан Інжуна ІІІ орын (Серигхан А.С.);
  • "Менің кіші Отаным" жас тарихшылар байқауының облыстық кезеңінде 10-сынып оқушысы Оспанова Дарина ІІІ орын (Жумабеков М.М.);
  • «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров Университетімен бірлесе отырып ұйымдастырылған 9-11 сынып оқушылар арасында облыстық көптілділік олимпиадасында 9-сынып оқушысы Оспанова Мирэль ІІІ орын
  • "Жыр алыбы - Жамбыл" атты облыстық жас ақындар айтысында мектебіміздің 8-сынып оқушысы Жұмабекқызы Алина ІІ орын (Хафиз Қ.Қ.);
  • "Ақберен" облыстық байқауында 7-сынып оқушысы Нұрболқызы Әлия ІІІ орын (Серигхан А.С.);
  • Жалпы орта білім беру мектептердің жас зерттеушілерді анықтау және қолдау, талантты оқушылардың шығармашылық қызметін одан әрі дамыту мақсатында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде І орын қазақ тілі мен әдебиеті бағытында 7-сынып оқушысы Болатжан Інжуна, жетекшісі Серигхан А.С (республикалық кезеңге өтті), ІІ орын физика пәнінен 7-сынып оқушысы Тлеген Айсана, жетекшісі Акатаева А.Н.
  • «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық байқауының облыстық форумының «Болашақтың мамандығы...» номинациясында Жұмабекқызы Әлия І дәрежелі дипломмен марапатталды (Смайлова А.С.)
  • «Табиғатты аяла» форумының облыстық кезеңінің «Green Oases» номинациясында «Менің қиялымдағы мектеп ауласы» жобасын қорғауда 9-сынып оқушысы Қуат Айман ІІ орын (Муханова Л.М.);
  • «Табиғатты аяла» форумының облыстық кезеңінің «Экотеатр» номинациясында «Аққулар ұйықтағанда» сахналық қойылымында «Парасат» оқушылардың шығармашылық қоғамының мүшелері ІІ орын алды (Жетекшісі Серигхан А.С);
  • Облыстық тоғызқұмалақ бойынша шапшаң ойын түрінен ІІІ орын иегері 3-сынып оқушысы Балагазина Зура (Жумадиров Т.М);
  • Спорт сити манежінде 5-6 сынып оқушылары мен қыздар арасында футболдан облыстық жарыста мектеп командасы І орын (Досымханов Т.Е.)
  • Облыстық «Жас өркен» балалар шығармашылық фестивалі аясында өткен «RekGo» медиа жобалар конкурсында «Адам және жануарлар номинациясының жүлдегерлері: Жумангалиева Ясмин (ІІІ орын) (Есимханова А.М.), Табыс Динара (І орын), Рахадқызы Айдана (ІІ орын) (Тусупова Д.Б.).
  • «Жол инспекторы» облыстық Слетінің «Жас инспекторлар» жасағы ІІ орын
  • Ауылдық жерлердегі мектептерде талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы шеңберінде нен Рай Шолпан ІІ орын, орыс тілінен Шаймарданова Амина ІІ орын, ағылшын тілінен Оспанова Мирэль ІІІ орын алды. Шаймарданова Амина республикалық кезеңге өтті.

Функционалдық сауаттылығы дамыған , өз елінің тарихын, дәстүрін жете білетін, келешекте ғылымды дамытуға ат салысатын тұлғалар тәрбиелеу -біздің міндетіміз. Білімді жастарымыз Қазақстанның тұғырын биікке көтеретін ұрпақ болсын!

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz