Оқушылар "Таза табиғат" акциясына қатысты.
- Толығырақ
- Жарияланды 01.04.2023 20:59
Мектеп оқушылары "Таза табиғат" акциясы негізінде мектеп ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді.
1- сынып оқушыларына Тұрдақын Жексенбайдың «Әліппе әңгімелері» атты әңгіме жинақ кітабын оқуға ұсынылды.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2023 02:46
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында сынып болып кітап оқыту барысында 1- сыныпқа оқушыларына Тұрдақын Жексенбай «Әліппе әңгімелері» атты әңгіме жинақ кітабын оқуға ұсынылды. Берілген тапсырма оқыған әңгімені түсініп оқып, сол бойынша сурет салу.
Мақсаты: Осылайша жас оқырманның кітап оқуға деген құштарлығын оята отырып,еске сақтау, мазмұндау, жиі оқыту арқылы тілін дамыту, ой өрісі қалыптастыруға тәрбиелеуге болады.
Оқушыларымыз «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде мәнерлеп оқу сайысына қатысты.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2023 02:40
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырған мәнерлеп оқуға сайысына 2А-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Бибигул Қабкенқызы Абай Құнанбаевтың өмірбаянынан ақпарат берді. Мәнерлеп оқуға сыныптан 10-оқушы қатысып өлеңдерді мәнерлеп оқыды өз өнерлерін көрсетті.
Мақсаты: Өлеңді жай оқып қоймай сол өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу түсіндіру; дамытушылық-оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көркем сөз оқуын дамыту; адамгершілікке, өнер-білімді меңгеруге, өлеңді мәнерлеп оқуға тәрбиелеу.
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Дара тұлға Бейбарыс» атты тарихи іс-шара өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2023 02:29
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында тарихи тұлға Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Дара тұлға Бейбарыс» атты тарихи іс-шара өтті. Мақсаты: Шығыс пен Батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне, мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілуіне ғалымдардың қосқан үлесін түсіндіру; Бабамыздың өз елінде емес, өзге елде 17 жыл сұлтандық құру, сол елде құрметтелу кез келгеннің қолынан келмейтін іс. Ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын үлгі ету. Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушыларға Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын оқуға ұсынылды.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2023 02:16
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында сынып болып кітап оқыту барысында әр сыныпқа екі кітап оқу тапысырмасы берілді. Соның бірі 8- сынып оқушыларына Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын оқуға ұсынылды. Мақсаты: М.Әуезов шығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау; Дамытушылық – жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру; Тәрбиелік-адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана-сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу.
Мектебімізде "Алғыс айту” күні ерекше аталып өтілді.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2023 01:41
Мектебімізде әр жұма сайын жоспарға сәйкес тәрбие сағаттары өтіп отыратыны баршаңызға мәлім.
Көктемнің алғашқы күні яғни, 1-Наурыз “Алғыс айту” күні болып жарияланғалы бері жылда бұл күн ерекше аталып өтілді.
Республикалық “Алтын жүрек” челленджі де үлкен қолдауға ие болды. Осы керемет күнге арналған 1-11 сыныптар аралығында “Алғыс айту парызым!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: “Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата-анаға, үлкен- кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынастарын дамыту.
Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Елімізде тұрып жатқан әр-түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт-дәстүрін, мәдениетін, өзіндік үлгі- өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілік пен татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Мектебімізде 2—11 сынып оқушылары арасында "Тоғызқұмалақ" ойындары өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2023 01:19
Мектебімізде 2—11 сынып оқушылары арасында "Тоғызқұмалақ" ойындары өтті. Жарысқа барлығы 22 оқушы қатысты.