Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня0
Вчера13
За неделю167
За месяц564
Всего60810

Поиск по сайту


<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

nauryz2024


«Кітаптарға көмек көрсетейік» атты кітаптарды емдеу қамқорлық көрсету күні.

 

 

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Шамшырақ" үйірмесінде «Кітаптарға көмек көрсетейік» атты кітаптарды емдеу қамқорлық көрсету күні өтті. Мақсаты: әр оқушы қолына ұстаған кітаптарын жыртпай, кірлетпей,күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. 10-сынып оқушылары кітапхананың оқулық сақтайтын бөлмесіндегі күтім қажет кітаптарды тауып,жырлылған,сызылған жерлерін қалпына келтіріп,пәне бойынша сөрелерге орналастырылды.Кітапханаға келген оқушыларға кітаптарын күтіп ұстауға кеңес берді. 

 

 

 

 

 

"Әкем және мен" атты эстафеталық ойын өтті.

 

 

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру "Жаншуақ" лагерь тәрбиеленушілерімен "Әкем және мен" атты эстафеталық ойын өтті. Мақсаты: әке мен бала арасындағы ынтымақты нығайту, әкені құрметтеуге тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Жаншуақ" лагерінің оқушылары аудандық кітапханаға барды.

 

 

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру "Жаншуақ" лагерінің оқушылары аудандық кітапханаға барды. Кітапхана ұйымдастырылған ауқымды шараға аса белсенділікпен қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

6-8 сынып оқушыларына Ғабдылуахит Хазірет Тіленшіұлы кесенесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

 

 

   Ағымдағы жылдың 15- маусымында 6-8 сынып оқушыларына Ғабдылуахит Хазірет Тіленшіұлы кесенесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Балалардың сапарын «Киелі өлкем», «Шамшырақ» және «Тілдер мектебі» бейіндік лагердің жетекшілері ұйымдастырды. Экскурсия барысында балалар туған өлкесінің тарихымен, мәдениеті мен өз заманының танымал тұлағасы Ғабдылуахит Хазірет Тіленшіұлының өмірбаянымен танысты.

   Экскурсия балаларға ұмытылмас сәттер мен жағымды әсер сыйлады. Осы жерде алғаш рет болған 6-сынып оқушыларының бірі Муратова Ясмин, Сынбатқызы Аида және Қуаныш Аяжан өз ойларын білдірді. Балалардың айтуы бойынша мұнда тағы да, келуін армандайды. Мектептің «Шамшырақ» үйірмесінің жетекшісі Самал Садуакасова Ғабдылуахит Хазірет Тіленшіұлының өмірбаянына байланысты «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап ойынын өткізді. Ойын барысында 8- сынып оқушысы Томирис Жанатұрмысова өте көп ұпай жинап, белсенділік танытты.

   «Киелі өлкем» бейіндік отрядының жетекшісі Айнаш Абдугалиева балаларды тарих әлеміне саяхатын Ғабдылуахит Хазірет Тіленшіұлының өмір жолынан бастады. Сонымен қатар орман ішінде әр түрлі ойындарды ұйымдастырды. «Тілдер мектебі» бейіндік лагердің жетекшісі де «Абай алауы» журналының бас редакторы Айгерім Жумангалиева өз пікірін ортаға салып, балалармен бірге журналға арналған мақалаға ақпараттарды жазып алды.

 

 

 

"Жас физиктер" атты курс өтті.

 

 

 

Бейіндік лагерінде "Жас физиктер" атты курс өтті. Мақсаты: қоршаған әлемге ғылыми көзқарастарды қалыптастыру, танымдық қызығушылықты, физиканы зерттеуге қызығушылықты дамыту. 7 сыныпқа енді қадам басқан оқушыларды физика әлемімен таныстыру. Тәжірибе жасамас бұрын, қауіпсіздік техника ережесімен танысып алдық. Оқушыларға тәжірибе жасау өте қызықты болды және ұнады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz