Мектебіміз «Жаса Қазақстан» челленджіне қатысты
- Толығырақ
- Жарияланды 05.11.2022 02:07
Шарбақты ауданы Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі Республика күніне орай қатысты. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу. Осы челленджді Шарбақты ауданы @khmelnickiy_mektebi Хмельницкий жалпы орта білім беру мектебіне жолдады.
Мектебіміздің оқушысы жүлдегер атанды
- Толығырақ
- Жарияланды 05.11.2022 01:49
Мектебіміздің оқушысы Нұрғабыл Парасат шығармашыл оқушылар арасындағы "Ақберен" республикалық өнер байқауы облыстық кезеңінің ІІІ дәрежелі дипломының иегері атанды. Жетекшісі Серигхан Айман Серигханкызы.
"Жүрегіміздесің, жан апа!" атты ерлік сағаты
- Толығырақ
- Жарияланды 05.11.2022 01:42
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аудандық мұражаймен бірлесіп Маншук Маметованың 100 жылдығына арналған "Жүрегіміздесің, жан апа!" атты ерлік сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру. Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметова жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту. Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу.
“Темір жол-қауіпті аймақ” тақырыбындағы ақпараттық сағат
- Толығырақ
- Жарияланды 05.11.2022 01:28
Мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында “Темір жол-қауіпті аймақ” тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Ақпараттық сағатының Мақсаты: 1.Жолда жүру ережелерімен,жол белгілерімен таныстыру. Теміржол –қауіпті аймаққа жататындығы туралы түсінік беру.
2.Жол ережесі,жол белгілері туралы білік-дағдыларын дамыту.
3.Жолда жүру ережесін есте сақтау, жолда жүру.
Теміржол аймақтары қауіпті аймақ болып саналады. Ондай жерлермен жүргенде жаяу жүргінші де, көлік жүргізушісі де жолда жүру ережесін есте сақтап, абай болу керек. Жаяу жүргіншілер,көлік жүргізушілері де теміржол жолдарын поезға жол бере отырып, тек қана теміржол өтпелері бойымен кесіп өте алады. Теміржол өтпесіне кіру жолында жүргінші жол белгілерінің,бағдаршамның, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауын басшылыққа алуға жақындап қалған поездың жоқ екендігіне көз жеткізуге міндетті.
«Абайлаңдар балалар!» атты викториналық ойын өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 05.11.2022 01:13
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Абайлаңдар балалар!» атты викториналық ойын өтті. Мақсаты: оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету; - жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, қызығушылығын дамыту;- жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
"Инабат" қыздар клубының жұмысы
- Толығырақ
- Жарияланды 05.11.2022 01:06
Мектебіміздің "Инабат" қыздар клубы өз жұмысын биылғы оқу жылында да жалғастырады. Клубымыздың алғашқы тренингі жаңадан келген қыздарды ортаға тарту мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар арт терапия әдістерін қолдана отырып өз ойларын ортаға салды. Ішкі сезімдерімен бөлісті.
«Ахмет Байтұрсынов-балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш
- Толығырақ
- Жарияланды 05.11.2022 00:57
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ахмет Байтұрсыныптың 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынов-балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: Тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.