Оқушыларымыз “Абай” еліне экскурсияға барды
- Толығырақ
- Жарияланды 05.11.2022 00:36
“Елбасы кітапханасы ұйымдастыруымен Абай оқулары жобасы аясында оқушыларымыз “Абай” еліне экскурсияға барды. Киелі өлкеге саяхатта оқушылар Жидебайдағы Абай мұражайын және Ұлылар кесенесін көріп, тамашалап, рухани азық алып келді.
«Ұстаз-ұлы тұлға» атты мерекелік концерт
- Толығырақ
- Жарияланды 04.11.2022 23:54
11- сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз-ұлы тұлға» атты мерекелік концерт өтті. Концертте ұстаздарға арналған түрлі ойындар да өткізілді.
Дәстүрлі тілдер апталығы
- Толығырақ
- Жарияланды 04.11.2022 23:10
Жылдағы дәстүрге сай мектепте тілдер апталығы өтті. Тілдер апталығында өткізілетін іс-шаралардың арнайы жоспары құрылып, жоспар бойынша барлық іс-шаралар атқарылды. Апталықтың ашылуына орай салтанатты саптық жиын өткізілді. ҚР Тілдер күніне арналған түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Барлық сыныпта сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.
Апталықтың қорытындысы Қарттар күніне арналған мерекелік концертпен ұштасты. Концертке мектебімізде талай жыл еңбек еткен ардақты да аяулы ардагер ұстаздарымыз, мектеп қызметкерлері шақырылды. Іс-шара оқушыларды марапаттаумен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Мектебіміздің құрметті ардаргер ұстазы- Хочиева Н.Қ. сөз сөйлеп, ән жолдады. Сонымен қатар, келген қонақтарымызға қызықты ойындар да ұйымдастырылды. Қос бірдей іс-шара өте мағыналы өтті.
Мектеп оқушылары жүлдегер атанды
- Толығырақ
- Жарияланды 04.11.2022 21:48
Мектебіміздің 9 “А” - сынып оқушысы Мухтарова Нурия және 10-сынып оқушысы Басқара Ақерке 9-11 сыныптарға арналған III облыстық гуманитарлық олимпиадасының жүлдегерлері атанды. Мухтарова Нурия-III дәрежелі дипломмен және Басқара Ақерке-III дәрежелі дипломмен марапатталды.
"Тілім- менің тірегім" атты ақпараттық сағат
- Толығырақ
- Жарияланды 04.11.2022 21:35
«Оқуға құштар мектеп» жобасының шеңберінде «Тілім- менің тірегім» атты ақпараттық сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету; қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең және нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу; Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
«Әлем таныған-Әуезов» атты әдеби кеш
- Толығырақ
- Жарияланды 04.11.2022 21:11
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі Шарбақты аудандық кітапханасымен бірлесіп, «Әлем таныған-Әуезов» атты әдеби кеш өткізді. Мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін , рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Ұлы тұлға, заңғар жазушы, қоғам қайраткері, Абайтану ғұлама ғалымның өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқып кітаптары мен танысты.
Мектептің Ұлан басшысы сайланды
- Толығырақ
- Жарияланды 01.11.2022 23:19
Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебінде "Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару жүйесі бойынша, дауыс беру арқылы мектеп президентінің сайлауы өтті. Сайлауға 7-9 сынып оқушылары қатысты. Кандидат құрамында 12 үміткер болып, дауыс беру нәтижесінде 9 "Б" сынып оқушысы- Жұмабекқызы Әлия мектеп Ұлан басшысы болып сайланды.