Мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 01.11.2022 23:09
Мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Қазіргі уақытта әсіресе, белең алған кәмелетке толмаған жастардың арасындағы ерте жүктілік, сондай-ақ оларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Жиналысқа аудандық прокурор Самижанов Н.Ж., мектеп ұжымы және ата-аналар қатысты.
"Буллингке жол жоқ" тақырыбындағы тәрбие сағаттары өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 01.11.2022 22:55
Мектебімізде 5—11 сынып оқушылары арасында "Буллингке жол жоқ" деген тақырыпта тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жолдарының алдын алу; сынып ұжымын сыйластыққа, бір — біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
«Ыбырай Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби сағат
- Толығырақ
- Жарияланды 01.11.2022 22:45
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ыбырай Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби сағат өткізілді. Оның мақсаты: алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ы.Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды білімге, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы
- Толығырақ
- Жарияланды 01.11.2022 22:13
Мектебімізде қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы өтті. Оқушылардың тілге қызығушылықтарын арттыра отырып, гуманитарлық пәндер бойынша білім-біліктілік дағдыларын қалыптастыру апталықтың маңызды мақсаттарының бірі.
Осыған орай қазақ әдебиеті пәнінен 7 “Б” сынып оқушылары арасында “Қыз жібек” жыры тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар жырдың тақырыбын, идеясын,тартысын нақтылай отырып, кейіпкерлер сипатынының сан қырын жан-жақты ашты. Пән мұғалімі: Хафиз Қ.Қ.
“Тілдер апталығы” аясында қабырға газеттерін шығару конкурсы
- Толығырақ
- Жарияланды 01.11.2022 21:54
“Тілдер апталығы” аясында сыныптар арасында үш тілде (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) қабырға газеттерін шығару конкурсы өткізді. Осы сайысқа оқушылар белсене қатысты. Соның ішінде оқушылар үш тілде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сөзжұмбақтар, ребустарды шығарды.
«Тілім менің тұғырым» атты онкүндік
- Толығырақ
- Жарияланды 01.11.2022 10:30
Мектебімізде тілдер мерекесі қарсаңында 19-30 қыркүйек аралығында «Тілім менің тұғырым» атты онкүндік ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Онкүндіктің ашылуына байланысты 5-11 сынып оқушыларына салтанатты сап түзеуді қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігінің мұғалімдері ұйымдастырды. Сонымен қатар 8-сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынов –халық ұстазы» интеллектуалдық сайысын қазақ тілі мұғалімдері А.С.Серигхан, Қ.Қ.Хафиз ұйымдастырды.
.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
- Толығырақ
- Жарияланды 28.10.2022 11:33
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ертегі оқып өсемін" атты 1-сынып оқушыларын кітапханаға саяхатқа шақырып ертегі кітаптармен таныстырылды. Мақсаты:жас жеткіншекті кішкентай кезінен бастап кітаппен дос болуға баулу.Шара барысында кітапхана ережелері жайлы ақпарат берілді.