Бала құқығы – адам құқығы
- Толығырақ
- Жарияланды 04.04.2022 00:07
"Бала құқығы – адам құқығы" Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шара жоспарын жүзеге асыру басталды.
1-11 сыныптар үшін "Баланың құқықтары мен міндеттері" және "Бала құқықтары туралы конвенция" сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету;
Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: "құқықтар" және "міндеттер" ұғымдарын бөлу, құқықтар мен міндеттердің бірлігін көрсету; құқыққа қарсы әрекеттерге теріс қатынасты қалыптастыру, балаларды өз құқықтарын қорғауға ынталандыру; басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолдан жасалған —эко сөмкелер
- Толығырақ
- Жарияланды 03.04.2022 23:54
Еуропаның көптеген елдері қазірдің өзінде полиэтилен пакеттер мен пластик өндіруден бас тартты оларды қолдануды шектеді. Әрине, полиэтиллен пакеттерді жинауға және қайта өңдеуге болады, бірақ бұл әлдеқайда қымбат. Ал оларды жасауға қанша мұнай мен басқа да шикізат жұмсалады!
Эко сөмкелер-бүкіл планетаның экологиясын жақсарту мүмкіндігі.Мектебіміздің 7 сынып оқушылары "Қолдан жасалған —эко сөмкелер" облыстық акциясына белсене қатысуда.
Қолданылған батареяларды және ПВХ өнімдерін жою
- Толығырақ
- Жарияланды 08.02.2022 14:22
"Қолданылған батареяларды және ПВХ өнімдерін жою" акциясы бойынша мектебіміздің 1-4 сыныптарының оқушылары белсене қатысуда. Табиғатымызды бірге қорғайық.
#ЭкоboomПавлодар
Мектебімізде "Инабат" қыздар клубы құрылды
- Толығырақ
- Жарияланды 08.02.2022 14:01
Мектебімізде "Инабат" қыздар клубы құрылған болатын..Оған 7-11 сынып қыздары қатысады. Клубтың жұмысы рухани-адамгершілік, эстетикалық, гигиеналық бағытта жоспарланған. Жетекшісі: мектеп психологі, "Өзін-өзі тану" пәні мұғалімі Смайлова Аймереке. 13-қазанда "Қыз сұлулығы-қылығында" деген тақырыпта тренинг-сабақ ұйымдастырылды.Сабақта қыздарға тән жарасымды қылықтардың, "қазақ қызына" сай мінез құлық ережесін сақтап қалу маңыздылығы туралы айтылып қыздардың пікірлері тыңдалды.Сонымен қатар, қыздардың арасындағы сыйластық пен тілеулестілікті арттыруға бағытталған тренинг-жаттығулар өткізілді. Сабақ барысында өздерімен қатарлас ер балалардың қыздарға тән ұнайтын қасиеттерін жазған пікірлері оқылды..Сабақ соңында қыздар "Қыздар күні" құрметіне тәттілерге толы дастарханнан дәм татып, ризашылықтарын айтты..Алдағы кездесулерге байланысты ұсыныстар айтылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
- Толығырақ
- Жарияланды 08.02.2022 13:38
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылған 8—9 сынып оқушыларының арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің мектепшілік кезеңінде «Тәуелсіздік ұландары» фракциясы жеңіске жетіп, аудандық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаз «Тәуелсіздік ұландары» фракциясының лидері Құрманбай Жанель және ІІ спикер Қуат Айман. Аудандық кезеңге «Тәуелсіздік ұландары» фракциясына сәттілік тілейміз!
Жетекшісі: Лязат Нургазиновна, Айнаш Айтпаевна
Қайырымдылықтың ірі, ұсақ болып білінбейтіндігін көрсетеді.
- Толығырақ
- Жарияланды 08.02.2022 13:28
Адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзіңнің де, өзгенің де өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады. Барлық адамдармен күліп
амандасу, үнемі ақжарқын жүру, мүмкіндігінше айналаңа қуаныш сыйлау - асыл қасиет. Қайырымдылықтың ірі,
ұсақ болып білінбейтіндігін көрсетеді. Ал, қайырымдылық жасау қашанда ғанибет!
Осы орайда мектебіміздің 6"а" сынып оқушылары аудан орталығына барып
өз қолдарымен жасаған конверттерің сыйлады, ізгі тілектерін білдірді.
Спорт секциясының жұмыс кестесі
- Толығырақ
- Жарияланды 24.01.2022 12:04
Спорт секциясының жұмыс кестесі